Жезқазған өндірістік аймағында әлеуеті зор «Жыланды» кенішінің еңбеккерлерін ынталандыру, олардың қауіпсіз жұмыс жасауына деген ұмтылысын арттыру мақсатында «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті мен «Jastar Bolashaq» Жастар одағы бірлесіп ауқымды шаралар ұйымдастырып келеді.
Міне, сондай игі дәстүрдің бірі – «Үздік ауысым-2022» шеберлік байқауы. Бүгінгі таңда Итауыз, Қарашошақ, Батыс Сарыоба шахталарын біріктіріп отырған кеніште 700-ден адам еңбек етеді. Аталмыш байқауға кенішке қарасты шахталардан телімдер қатысып, үздік ауысым шеберлері анықталды. 48 жұмысшы байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылды.
Кәсіподақ пен Жастар одағының бірлескен жобасына кеніш директоры Нұрболат Байсадықов оң бағасын беріп, жұмысшыларды ынталандырудағы мұндай бастама жалғасын табуы керек екенін атап өтті үздіктерді марапаттау салтанатында.
Байқау нәтижесінде Ф.Барболдиев «Үздік телім басшысы» атағына ие болса, өндірістік жоспармен қатар қауіпсіздік саясатын берік ұстанған Қуатбек Алтаевтың ауысымы «Үздік ауысым-2022» атағына ие болды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ,