Ұлытау облысында көктемгі тасқынның қаупі толығымен сейілді. Жезді кентінде жарияланған төтенше жағдай режимі ресми күшін жойды. Алайда, төтеншеліктердің тірлігіне тыным жоқ. Жақында ұлытаулық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына көмекке аттанды.
33 адамнан тұратын құтқару бригадасы 4 арнайы техника, 5 мотопомпа және бірнеше су көлігімен жабдықталған. Олар су басқан аумақтарда қажетті көмек көрсетеді және жағдай тұрақталғанша сонда болады.
– Судың алдын алу жұмыстары қазір толық бақылауда. Су басатындай қауіп төніп тұрған жоқ. Сол себептен бізден ұлытаулық төтеншеліктерді Солтүстік Қазақстан облысына көмекке атандырдық, – дейді облыстық ТЖД бастығы Есен Байыров.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.