Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Ұлытаудан – Кипрге

18 тамыз – Спорт күні

16.08.2024
- Мерей
0
Ұлытаудан – Кипрге
90
БӨЛІСТІ
251
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Халқымызда «Болар баланың белін бу, бетін қақпа» деген аталы сөз бар. Спортқа ден қойып, содан нәтиже көрсетемін деп келген әрбір жасөспірімнің белін буып, қанатын қатайтып жүрген самбо күресінен Береке Отыншин деген азамат бар біздің өңірде.

«Чемпион» деп аталатын спорт клубының жетекшісі әрі жаттықтырушысы Береке Әскербекұлы қол астына жиналған жастарға самбо күресінің қыр-сырын меңгертіп қана қоймай, біріне ақылшы аға, біріне қамқор әкедей болып жүр. Дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Жоғары деңгейдегі жаттықтырушы. Елімізде өткен чемпионаттың бірнеше мәрте жүлдегері.

Береке Әскербекұлы спорт клубында жүзге тарта баланы баулып келеді. Соның қатарында көп үміт күттіретін қос шәкіртімен мақтанады.  Абылай Алшынбек пен Дінмұханбет Дінисламов – Азия чемпионы атағын алған жас спортшылар. Жиырмаға толар-толмас шақтарында Қазақстан Республикасының самбодан спорт шебері атағын алған Абылай мен Дінмұханбет әлем чемпионатында бақ сынауға дайындықтарын пысықтап жатыр.

Береке Әскербекұлы бұл жастарды 2012 жылдан бері жаттықтырып келеді. Епті, қарсыласпен жұмыс жасау әдіс-тәсілін меңгерген Абылай мен Дінмұханбет жайында жаттықтырушылары:

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

– Екеуінен де алғаш келген күннен бастап спортқа деген ептіліктің барын байқадым. Балаларды шыңдап, жарысқа қосу жолдарын қарастырдым. 12 жыл ішінде екеуі де күнделікті жаттығудан қалған емес. Жеңіліс дәмін татса, намыстанып, алға қарай ұмтылу деген тактиканы меңгерттім. Дінмұханбет 2022, 2023, 2024 жылдары Қазақстан біріншілігінде топ жарып, Ұлттық құраманың құрамына енді. Екі мәрте Азия чемпионы атанды. Былтыр Қырғызстанда өткен әлем чемпионатында ІІІ орынды иеленді. Дінмұханбет +98 келі салмақ дәрежесінде белдеседі. Абылайхан биыл Тараз қаласында өткен ел чемпионатында жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды. Ол 88 келі салмақ дәрежесінде күресіп жүр.

Біздің ендігі мақсатымыз Әлем чемпионы атағын алу. Қазан айының 10 – 14 аралығында Кипрде өтетін чемпионатта Ұлытау облысының ғана емес ел намысын қорғайтын қос балуанымның әлем чемпионы атануынан үміттімін. Абылай Жезді кентінің тумасы. Қазір өзімнің қарамағымда тұрақты түрде дайындықта. Осы екі жігіттің жігеріне қарап, клубқа келіп жүрген өзге де жастар өздеріне рух алады, – дейді Береке Отыншин.

Береке Әскербекұлы осы қос балуанның қазан айында Кипрде өтетін жарысына қолдау білдірген «Amanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Нұржановқа айтар алғысының барын жеткізді.

– Үлкен дода алдында біздің жеңіске деген ұмтылысымызды қолдап, жігерлендіріп жатқан азаматтардың қатарында Асқар Сембіғалиұлын ерекше атап өткім келеді. Өнер, спорт, мәдениет саласында жарқырап көрініп келе жатқан жастарды қолдаудағы Асқар Нұржановтың кең пейіліне дән ризамыз. Осы бәсекеге демеушілік танытқан филиалдың атқарушы хатшысына шәкірттерім мен өз атымнан алғыс білдіремін, – деді Береке Әскербекұлы.

Әлемдік деңгейдегі бәсекеге жолдама алып, дайындықтарын пысықтап жатқан Абылай мен Дінмұханбеттің қазан айында жеңіс туын желбіретіп қайтуын тіледік.

Ұлтымызға ұлы ұя болған Ұлытаудың баурайындағы өлкенің даңқын асырар болашақ чемпиондарымыз көп болсын. Спорт мерекесі құтты болсын, сала саңылақтары!

Суретте: Абылай Алшынбек пен Дінмұханбет Дінисламов.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу36Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру