Облыс орталығына жұмыс сапарымен Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев келіп, қала әкімдігі ғимаратында аталған сала өкілдерімен жүздесу өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау даласын – халықаралық туризм орталығына айналдыру», – керек деді. Бұл бағыттағы ілкімді істерге Ұлытау облысының құрылуы оң серпін беруде. Туризм және спорт вице-министрі өтіп бара жатқан жыл елдің ішкі туризмі үшін табысты жыл болды дейді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 25 пайызға артқан. Яғни рекордтық көрсеткіш 8,6 млн адамды құрады. Бұл отандастарымыздың өз елімізде көбірек демалғанын көрсетеді.
Ал, Ұлытау облысына 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында келушілердің саны 14 мың адам болса, оның ішінде шетелдік туристер саны – 506 адам. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7 %-ға артық.
Жүздесуге жиналғандар өңір туризмінің бұдан да кең ауқымда дамуына тұстау болып тұрған тұстарды тілге тиек етті…
Әрине, туризм саласының дамуы – өңір экономикасына оң әсер берері сөзсіз. Соңғы екі жылдың өзінде Қазақстанда 15 сапарорталығы ашылған, олардың қатарында біздің облыста ашылған орталықтар да бар. Вице-министр Ұлытаудағы туризмнің әрі қарай өркендеуі үшін министрлік деңгейінде қолдау болатындағын айтты.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.