Жұма, 9 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ұлытауда педагогтерге құрмет көрсетілді

06.10.2026
- Жаңалықтар
0
Ұлытауда педагогтерге құрмет көрсетілді
67
БӨЛІСТІ
187
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысында Мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» салтанатты жиыны өтті. Мерекелік шараға облыс әкімі Есет Байкен қатысып, ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Салтанатты жиында білім саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар педагогке мемлекеттік және ведомстволық марапаттар табысталды. Ұстаздар «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Еңбек ардагері», «Ыбырай Алтынсарин» медальдарымен, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің «Орта білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар Ұлытау облысының Құрмет грамоталары табысталды.

Сондай-ақ «Ұлытау білім үздігі» номинациясының жеңімпаздарына 1 миллион теңгеден сыйақы беріліп, үздік білім беру ұйымдарына 6 миллион теңгелік сертификаттар табысталды.

— Ұстаз – ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағына тікелей жауапты ең маңызды мамандықтың иесі. Бүгінгі марапат – педагогтердің еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі. Біз алдағы уақытта да ұстаздардың кәсіби дамуына, білім беру сапасын арттыруға және балаларға қолайлы орта қалыптастыруға басымдық береміз. Осы бағытта 2027 жылдан бастап облыстық әдістемелік орталықтың жұмысы жаңа форматқа көшіп, «Ұлытау ұстазы» оқу-әдістемелік орталығы мен Ұстаздар үйін ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар педагог кадрларға сұранысты ескере отырып, жоғары колледж мәртебесін беру және «Логопедия» бағыты бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасын іске қосу көзделуде, — деді облыс әкімі Есет Байкен.

Aлдағы жылы балалардың спорттық, шығармашылық және әскери-патриоттық әлеуетін дамытуға бағытталған қосымша білім беру орталығы ашылады. Сонымен қатар барлық мектепте оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған Community орталықтарын іске қосу жоспарлануда.

Aлдағы жылы балалардың спорттық, шығармашылық және әскери-патриоттық әлеуетін дамытуға бағытталған қосымша білім беру орталығы ашылады. Сонымен қатар барлық мектепте оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған Community орталықтарын іске қосу жоспарлануда.

Бөлісу27Твитерге17

Көп қаралған

  • Бағаналының Сағындық батыры

    Бағаналының Сағындық батыры

    935 бөлісті
    Бөлісу 374 Твитерге 234
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1679 бөлісті
    Бөлісу 672 Твитерге 420
  • Бас тартудың мәнісі

    252 бөлісті
    Бөлісу 101 Твитерге 63
  • Тарихқа табан тіреген тұлға

    330 бөлісті
    Бөлісу 132 Твитерге 83
  • «Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

    643 бөлісті
    Бөлісу 257 Твитерге 161
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру