Жұма, 13 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

«Ұлытау ұланы» сыйлығы табыс етілді

14.11.2025
- Жаңалықтар
0
«Ұлытау ұланы» сыйлығы табыс етілді
83
БӨЛІСТІ
231
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысы әкімінің белсенді жастарға арналған «Ұлытау ұланы» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Бұл – жастарды қолдау және олардың жетістігін дәріптеу бағытындағы маңызды жоба. Салтанатты рәсімнің басты мақсаты — жастардың білімге, еңбекке, шығармашылыққа және азаматтық белсенділікке деген талпынысын қолдау.

Марапат облыстың қоғамдық өміріне белсене араласып, өз еңбегімен өңір дамуына үлес қосқан жастарды ынталандыру мақсатында қолға алынған. Салтанатты жиынға мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ өңірдің дарынды, белсенді жастары қатысты.

– Жастар – ел болашағының айнасы. Сіздердің жетістіктеріңіз өңірдің ғана емес, бүкіл елдің дамуына серпін береді, – деді Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров құттықтау сөзінде.

Байқауға 50-ден астам өтінім қабылданды. Қазылар алқасы сегіз аталым бойынша жеңімпазды анықтады. Атап айтқанда: Нұргүл Ахатқызы «Жас саясаткер», Инабат Мұханбедиярқызы «Жылдың жас көшбасшысы», Гүлім Аймағамбетова «Үздік жас кәсіпкер», Ардақ Жарқынбеков «Үздік жас өнерпаз», Бекжан Қабжанов «Жылдың спорт жұлдызы», Айнара Нұрғазиева «Жас ерікті – қоғам жанашыры», Назерке Сапарбек «Жас медиакөшбасшы», Жігер Еділбаев «Жылдың үздік жас еңбеккері» аталымдарына ие болды.

Жүлдегерлерге диплом, арнайы статуэтка және ақшалай сыйлық табысталды.

Өз тілшіміз.

Бөлісу33Твитерге21

Көп қаралған

  • Теңге – Тәуелсіздіктің тірегі, тұрақтылықтың темірқазығы

    Теңге – Тәуелсіздіктің тірегі, тұрақтылықтың темірқазығы

    151 бөлісті
    Бөлісу 60 Твитерге 38
  • «Ұлытау ұланы» сыйлығы табыс етілді

    83 бөлісті
    Бөлісу 33 Твитерге 21
  • ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

    74 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • Кеңгірбай бидің батасы

    692 бөлісті
    Бөлісу 277 Твитерге 173
  • Куда обращаться в случае угрозы?

    71 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру