Сенбі, 21 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
- Жаңалықтар
0
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті
71
БӨЛІСТІ
198
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бүгін ұлттың киелі мекені – Ұлытау жерінде дәстүрлі «Көкмайса-2025» ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер фестивалі салтанатты түрде ашылды. Бастауын 2018 жылы алған фестиваль халқымыздың бай мұрасын жаңғыртып, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді қайта тірілтуге, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған.

«Көкмайса-2025» фестивалі – ұлттық болмысты дәріптейтін тағылымды мереке ғана емес, сонымен қатар өңірлік кәсіпкерлік пен туризмді дамытуға серпін беретін тиімді мәдени-көпшілік инфрақұрылым бола алады.

Фестиваль «Қымызмұрындық» атты театрландырылған көрініспен басталып, «Жошы» этно-фольклорлық ансамблінің төл туындыларымен жалғасты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, ұлттық рух пен мәдени мұраның ұрпақ сабақтастығындағы маңызына ерекше тоқталды.

Фестиваль аясында бие байлау, күбі ыстау, қымыз ашыту көріністері көпшілік назарына ұсынылып, арнайы дайындалған қымыз келген қонақтарға тегін таратылды. Ет жеу жарысы, қазақша күрес, жілік сындыру, садақ ату, найза лақтыру, асық ату, қошқар көтеру секілді ұлттық жарыстар ұйымдастырылды. Сайыстарда жергілікті спортшылардан өзге, көршілес Қарағанды, Қызылорда, Қостанай облыстарының спортшылары да бақ сынады.

Өңірлік және жергілікті қолөнер шеберлері ұлттық бұйымдарды жасап көрсету арқылы келушілерге шеберлік сабақтарын өткізді.

Сондай-ақ оқыңыз

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
Медицина қызметкерлері марапатталды

Медицина қызметкерлері марапатталды

20.06.2025

Сонымен қатар, балаларға арналған этноойын алаңдары мен ұлттық стильдегі аттракциондар қызықты әрі танымдық форматта ұсынылды. Ұлттық киім үлгілері мен дәстүрлі тұрмыстық жабдықтардың көрмесі өтті.

Сахнада елімізге танымал өнер иелері мен жергілікті шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Олардың қатарында: Бексұлтан Барақбай, Ақжол Әмірхан, Ділназ Сұлтанбай, «Сәкен серілері», «Тандем» дуэті, Қайырхан Ерғазы, Эльмира Дәулетбаева, Досымжан Таңатаров, Ұлытау аудандық мәдениет үйінің би ансамблі, «Алтын Орда» ұлт аспаптар ансамблі, «Кеншілер сазы» фольклорлық ансамблі бар.

Фестиваль соңында өткізілген ұлттық спорт байқаулардың жеңімпаздарына дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

«Көкмайса-2025» – бұл салт-дәстүр мен заманауи мәдениетті бір арнаға тоғыстырып, ұлт болмысының терең тамырын сезінуге мүмкіндік беретін тағылымды мереке.

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру