Өңір басшысы түрлі себептермен жүзеге асырылуы тоқтап тұрған жобалармен танысты. 2013 жылы “Жезқазған-Бейнеу” теміржол желісінің құрылысы” жобасы аясында Қабанбай батыр шағын ауданында тұрғын үйлердің құрылысы басталды.
2016 жылы қаржыландырудың болмауына байланысты жұмыстар тоқтатылды. Салынып бітпеген үйлер жарамсыз болып, Жезқазғанның сәулеттік келбетін бұзып тұр.
Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар көшені жарықтандыру, жолдардың жағдайы, мектеп, балабақша және ойын алаңын салу қажеттілігіне байланысты мәселелерді көтеруде. Облыс әкімі ең алдымен осы мекенге қатысты инфрақұрылым жүйелерін қала балансына алуды тапсырды, балалар алаңын салатын жерді анықтауды, қоқысты уақытылы алуды «Сәт тазалық» арқылы құжаттарын ұйымдастыруды тапсырды. Мектеп, балабақша салуды зерделеп, жолдарын ұсынуды мекеме басшыларына тапсырды. «ТП» станциясының орнын балалардан алшақ алаңға орналастыруды немесе талапқа сай қоршауды міндеттеді.