Дүйсенбі, 23 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ұлытау облысында жаңартылған Қызылорда – Жезқазған автожолында көлік қозғалысы салтанатты түрде ашылды

23.11.2026
- Жаңалықтар
0
Ұлытау облысында жаңартылған Қызылорда – Жезқазған автожолында көлік қозғалысы салтанатты түрде ашылды
65
БӨЛІСТІ
181
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бүгін Ұлытау облысында Қызылорда – Жезқазған автомобиль жолының қайта жаңғыртылған 208 шақырымдық учаскесінде көлік қозғалысын ашу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – көлік министрі Әсел Жанасова, Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері мен өңір тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

Аталған учаскенің пайдалануға берілуімен еліміздің оңтүстік және орталық өңірлерін жалғайтын жалпы ұзындығы 400 шақырымдық автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталды.
Қызылорда – Жезқазған автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл қаңтар айында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Президент 2026 жылдың соңына дейін жолдың барлық учаскесінде көлік қозғалысын ашуды тапсырған болатын.

«Қызылорда – Жезқазған жобасы – Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының нақты нәтижесі. Қызылорда – Ақтөбе, Қарағанды – Жезқазған жобаларымен және Арал – Каспий бағытымен бірге біз еліміздің оңтүстігін, орталығы мен батысын байланыстыратын бірыңғай заманауи көлік желісін қалыптастырып жатырмыз. Біз жай ғана жол салып жатқан жоқпыз, ел экономикасының дамуына негіз болатын біртұтас көлік жүйесін қалыптастырып жатырмыз», – деді Әсел Жанасова.

Өз кезегінде Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен инфрақұрылымдық жобалардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызын атап өтті.

«Ұлытау облысы үшін Мемлекет басшысының өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүйелі түрде жүзеге асырудың маңызы зор. Бүгінде Үкіметтің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды инфрақұрылымдық жобалар облыстың экономикалық әлеуетін нығайтуға, өңірдің дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Қызылорда – Жезқазған автомобиль жолының ашылуы – осы бағыттағы жұмыстың маңызды кезеңі. Бұл өңіріміздің дамуына тың серпін береді», – деді Есет Байкен.

Жолды қайта жаңғырту барысында шамамен 4 млн текше метр жер жұмыстары жүргізіліп, 1 млн тонна құм-қиыршықтас қоспасы, 650 мың тонна қиыршықтас-құм қоспасы және 1,3 млн тонна асфальтбетон төселді. Сондай-ақ төрт көпір, 78 су өткізгіш құбыр және мал айдауға арналған 18 өткел салынды. Құрылысқа 1,2 мыңға жуық маман тартылып, 800 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, өткен жылы Қызылорда облысындағы ұзындығы 192 шақырымдық учаскеде көлік қозғалысы ашылған болатын. Ал Ұлытау облысындағы 208 шақырымдық бөліктің пайдалануға берілуі Қызылорда – Жезқазған автомобиль жолын ауқымды жаңғыртудың соңғы кезеңі болды.
Бұған дейін жолдың техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз болып, өңірлер арасындағы көлік қатынасын қиындатып келген еді. Жаңартылған жолдың ашылуы сапар уақытын қысқартуға, жолаушылар мен жүк тасымалына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу26Твитерге16

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1748 бөлісті
    Бөлісу 699 Твитерге 437
  • Өрт қауіпсіздігі – әркімнің жауапкершілігі

    83 бөлісті
    Бөлісу 33 Твитерге 21
  • САЛЫҚ, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Бұланты шайқасы» – қазақ халқын ұлт ретінде сақтап қалған тарихи жеңіс

    117 бөлісті
    Бөлісу 47 Твитерге 29
  • ТЕМІРДІ ТӨЗІММЕН ТҮЛЕТКЕН

    145 бөлісті
    Бөлісу 58 Твитерге 36
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
imunify-bot-check