Дүйсенбі, 8 Маусым , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ұлытау облысында аумағы 900 гектардан асатын ірі агрокешен бой көтеруде

17.11.2025
- Жаңалықтар
0
Ұлытау облысында аумағы 900 гектардан асатын ірі агрокешен бой көтеруде
73
БӨЛІСТІ
203
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысының Кеңгір ауылында «Kengir agro» кешенінің құрылысы басталды. Аталған орында суармалы егіншілік, мал бордақылау алаңы, сүт фермасы сынды ірі жобалар жүзеге асады. Бастама – «Отбасылық ферма» жобасының аясында қолға алынған. Мақсат – өңірде ішкі өнім қорын молайтып, экономиканы әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу.

Қазіргі таңда кешен аумағында әкімшілік-шаруашылық ғимарат, жұмыскерлерге арналған жатақхана, асхана, мал бордақылау алаңы, қора-жайлар мен қойма салынуда. Жалпы 901 гектар аумақтың 500 гектары мал азығын дайындау үшін пайдаланылады. Ол үшін тамшылатып суару әдісі қолданылады. Қазіргі уақытта қажетті құрылғылар жеткізілді. 45 мың куб су көлеміне арналған қазаншұңқыр қазылуда.

Айта кетерлігі, құрылыс барысында облыс аумағында өндірілетін материалдар қолданылып жатыр.

«Бұл – соңғы отыз жылдықта біздің өңірде болмаған жоба. Тамшылатып суару әдсімен аталған аумаққа мал азығы, жем-шөп өсіріледі. Қажетті қорды дайындаған соң 500-ге жуық асыл тұқымды ірі қара сиыр әкеліп, бордақыланады. Нәтижесінде алдағы екі жылда өзіміздің сүт өнімдерін дайындайтын ферма пайда болмақ»-деді ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алмат Саухимов.

«Отбасылық ферма» – еш облыста баламасы жоқ жоба. Қазіргі уақытта оның аясында Жаңаарқа ауданының Түгіскен, Алғабас, Айнабұлақ, Орынбай ауылдарында да фермалардың жұмысын жүргізу қарқын алды.

Таңбалар: ауыл шаруашылығыҰлытау облысы
Бөлісу29Твитерге18

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1638 бөлісті
    Бөлісу 655 Твитерге 410
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1538 бөлісті
    Бөлісу 615 Твитерге 385
  • Бағаналының Сағындық батыры

    895 бөлісті
    Бөлісу 358 Твитерге 224
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    864 бөлісті
    Бөлісу 346 Твитерге 216
  • Кеңгірбай бидің батасы

    629 бөлісті
    Бөлісу 252 Твитерге 157
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру