Қазақтың маңдайына біткен дара перзент, академик, Үлкен Жезқазғанның бой түзеп, өңірде өндірістің дамуына сүбелі еңбек сіңірген Қаныш Сәтбаевтың есімін жас ұрпаққа насихаттауда түрлі шаралар жүзеге асып келеді.
ЖақындаТүркістан облысынан Ұлытау облысына табан тіреген Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Журналистер академиясының академигі, «Құрмет» және «Парасат» орденінің иегері, «Айғақ» қоғамдық телеарнасының басшысы Дулат Әбіш, мәдениеттанушы Сейфулла Шәдіқожа, «Айғақ» қоғамдық телеарнасының журналисі Арайлым Әбсағат өңірдегі музейлерде болып, ұлы академиктің бейнесі бедерленген кілемдерді тарту етті.
Меценат Талғат Ысқақов басшылық жасайтын «Бал Текстиль» ЖШС өнімі енді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы тарихи-өндірістік музейде, сондай-ақ, Жезқазған тарихи-археологиялық және Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі музейлерінің төріне ілінді. Мұндай рухани байланыс екі облыстың арасында алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.