Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Ұлттық ұлық мереке

25 қазан – Республика күні

21.10.2022
- Мерей
0
Ұлттық ұлық мереке
75
БӨЛІСТІ
209
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ биыл Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында көлденең көшелі ой тартып, ортаға пайымды пікір тастады. «Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын» деп түйіндеді.

29 қыркүйекте ҚР Президенті қол қойған Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдық күші бар құжатта Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі берілді. Сөйтіп, он үш жыл атаусыз қалған ол ұлттық ұлық мереке болып оралды.

Одақ ыдырамай тұрғанда, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның қабылдануы елді елең еткізерліктей елеулі оқиға болды. Бұл әлем жұртшылығының да назарын еріксіз өзіне аудартты. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы мен дербес ұстанымы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.

Тарихи маңызы зор бұл құнды құжат Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасын қалауға негіз болғандығында дау жоқ. Себебі, декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке жер аумағы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды.

Декларация қабылданған күн 1992 жылы атаулы күндер қатарына енгізілді. 2001 жылы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заңға сәйкес мемлекеттік мерекелер қатарына қосылып, 2009 жылға дейін мемлекеттік масштабта атап өтілді.

Алайда, 2009 жылы сәуірде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» қолданыстағы заңға өзгерістер енгізіліп, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ұлттық мереке болып өзгертілуіне байланысты, «Республика күні» мемлекеттік мереке тұрмақ, қатардағы атаулы күндер сапынан да шығып қалды.

Негізі 1990 жылы қабылданған «Егемендік туралы декларацияның» мәтінінде арнайы «Республика күні» немесе оның мәртебесі туралы ештеңе айтылмаған. Тәуелсіздікке алғашқы талпыныс ретінде бағаланған құжатта Қазақстанның СССР құрамынан ерікті түрде шыға алатыны, халықаралық қатынаста сыртқы саясатын айқындап, өзге елдермен дипломатиялық байланыс орната алатыны, сондай-ақ, БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысатыны жазылған.

«Республика күні басқа елдерде қалай тойланады екен?» деген әуестікпен интернет иіріміне үңілген едім, әлем бойынша көптеген дерек көзге түсті. Бірақ, бұл жерде оларға тоқталып жатудың қажеті бола қоймас. Ал, Орталық Азияның Қазақстаннан өзге елдері күнтізбесінде де «Республика күні» деп аталатын ерекше дата жоқ. Тек Түркіменстанда «Бейтараптық күні» деген бар екен.

Ендігі жерде Қазақстанның Республика күніне қатысты қандайда бір саяси астар іздеудің немесе дау-дамайдың қоламтасын көсеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. «Қайтқан малдың қайыры бар» демей ме қазекем?!

Әлібек ӘБДІРАШ.

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру