Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Ұжымның қос мақтанышы

16 маусым – Медицина қызметкері күні

14.06.2024
- Мерей
0
Ұжымның қос мақтанышы
83
БӨЛІСТІ
230
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Адам өміріне қылаудай қиындық келіп, денсаулығы нашарласа басын қауіпке тігетін жандар қандай құрметке болса да лайықты. Біз жоғарыдағы мақалада сөз еткен «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС Балқаш филиалындағы ақ желеңді абзал жандардың қай-қайсысы болсын Балқаш өңірінің халқына қалтқысыз қызмет жасауға дайын.

Аталмыш емханада медицинаға 43 жылын арнаған Рәбиғаш Жұмағұлованың есімі ерекше аталады. Өйткені Рәбиғаш Балтабайқызы қаршадайынан осы саланың қазанында қайнады. Мектепті тәмамдаған бетте Балқаш қалалық емханасының ота блогында еңбекке араласты. Осында жүріп, медицинаның қыр-сырына қанықты. Осы мамандыққа бірыңғай бет алғанын сезген ол Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсті. 1988 жылы қолына дипломын алған Рәбиғаш Балтабайқызы «Балқаштүстімет» ӨБ терапевт дәрігері болды. 2015– 2018 жылдар аралығында туберкулезге қарсы диспансерде фтизиатр дәрігер қызметін атқарды. 2017 жылы медициналық орталық бұрынғы Балқаш қалалық медициналық кешенін өз қарамағына алған соң, Рәбиғаш Жұмағұлова осында профпатолог ретінде жұмысқа қабылданды. 2018 жылдан биылғы жылға дейін осы мамандықтың тізгінінде болды. Қазір – сарапшы дәрігер.

– Медицина адам өмірі үшін күрес болғандықтан, оған аса жауапкершілікпен келу керек. Атүсті тексеріп, ағат жасалған қорытынды бір адамның ғұмырына кесірін тигізуі мүмкін. Мен ота бөлімінде еңбек жолымды бастағанда тәлімгер болған Штрассер Бруно, Александр Камф, Күмісбек Мүліков, Бірлік Имашев сынды өз істерінің хас шеберлері осыны ұғындырды. Медицинаға арнаған 43 жылым адам өмірін арашалап қалуға арналды. Осы жылдар ішінде көп деген ізбасарларды қалыптастыруға білімімді де, тәжірибемді де арнадым.

Бүгінде үмітімді ақтап жүрген Мақсат Тақабаев, Жасұлан Зұлпайдаров сынды жастардың келешегі зор деп білемін. Біздің филиал жұмысының алға қарай жылжып, нәтиже көрсетуіне, медицина мамандарын қолдаудағы ерекше ықыласы үшін «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС директоры Владимир Моторыкинге шексіз алғысымды білдіремін, – дейді Рәбиғаш Балтабайқызы.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Рәбиғаш Жұмағұлова

– Отыз бір жыл. Бұл емхананың оториноларингологі (құлақ-тамақ-мұрын дәрігері) Гаухар Рахметолланың медицинаға арнаған жылдарының көрсеткіші.

Бірінші санатты дәрігер Гаухар Рахметоллақызы Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылынан түлеп, ұшты. Жастайынан медицинаға қызыққан ол 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясына оқуға түсті. 2000 жылы терапевт дәрігер атанған соң өзі туған ауылда қызмет етті. 2004-2007 жылдары Ақтоғай аудандық емханасында оториноларинголог дәрігер болды.

Балқашқа қоныс аударған соң ондағы қалалық медициналық кешенге терапевт ретінде жұмысқа қабылданды. 2017 жылы кешенді «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС қарамағына алғаннан кейінгі еңбек жолы осында өріліп жатыр.

Гаухар Рахметолла

– Біздің негізгі қызмет көрсететін санаттарымыздың 90 пайызы «Қазақмыс» корпорациясының еңбеккерлері. 10 пайызы қала тұрғындары. Оның ішінде, 18 жастан жоғары азаматтар. Емханамыз заман талабына сай жасақталған. Жылына бір рет шалғайдағы кеніштерге барып, медициналық тексеріс жүргіземіз.

Осы ұжымда сарапшы дәрігер Рәбиғаш Балтабайқызы, невропатолог Әлия Молдабаева, хирург Ғабиден Ақбетов, рентген зертханашы Самал Аманбаева, зертханашы Шолпан Әшімжанова сынды білікті мамандармен  қатар еңбек етіп келемін. Әрбір келген ем алушыны ізетпен күтіп алып, жылы сөзімізбен шығарып салу біздің басты парызымыз. Ем-дом дертке шипа болса, жылы сөз жанға дәру ғой. Сондықтан біз өз қызметімізде осы тәсілдерді үнемі естен шығармаймыз, – дейді Гаухар Рахметолла.

Балқаш аймағында медицинаның дамуына үлес қосып, тұрғындарға, соның ішінде жетіқат жер астында тер төгіп жүрген кеншілердің денсаулығына қалқан болған ақ желеңділердің абыройлары асқақ, мәртебелері биік. Олар бұл дәрежеге өздерінің ақ адал еңбектерімен жетті.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру