Ұлытау облысында жастарға арналған «Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасы басталады. Бағдарлама 35 жасқа дейінгі облыс жастарына неғұрлым тиімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға көмектеседі.
Ұлытау облысының әкімдігі «Отбасы банк» АҚ бірлесе отырып қол жетімді қарыздар беру үшін 1 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлді. Бағдарлама қатысушыларына жылдық несие мөлшерлемесі 6 %-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10 % болуы керек.
Жеңілдетілген несиелендіруге үміткерлер пулына бағдарламаның талаптарына сай келетіндер және бекітілген критерийлер бойынша көп балл жинағандар өтеді. Ол критерийлер санына некедегі жылдар саны, балалардың болуы, жұмыс өтілі және т. б. әсер етеді.
Ең көп балл жинағандар қатысушылардың төлем қабілеттілігін «Отбасы банк» АҚ айқындайды.
Бағдарламаға қатысуға өтінім беру Бейбітшілік даңғылы, 26/1 мекенжайында орналасқан Жастар сарайында жүзеге асады. Өтінімдер 2024 жылдың 21 тамызына дейін сағат 10.00 – 18.00 аралығында қабылданады (түскі үзіліс 13.00-14.30).
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.