Бірқатар БАҚ 2024 жылдың 31 қаңтарында Сәтбаев қаласында ластанған қар түріндегі жауын-шашын түскені туралы ақпарат таратып жатыр.
Бұл іс-шара жылуды, электр энергиясын, сумен жабдықтау және кәрізді өндіру, тасымалдау, бөлу және жабдықтау саласында қызмет көрсететін «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС қызметімен байланысты. Айтуларынша, кәсіпорын қолданып жүрген тазарту қондырғылары ескірген, дұрыс жұмыс істемейді. Алайда, бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткіземіз.
Сәтбаев қаласының шетінде орналасқан N1 жылу станциясы қаланы және оған жақын орналасқан өндірістік нысандарды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз ету қызметін атқарады. Оның үш ұйымдасқан шығарындылар көзі бар:
- Тазарту коэффициенті 98,5-99 % күл жинау қондырғысы орнатылған ПТВП-100 ыстық су қазандықтарының мұржасы.
- Күл жинау қондырғылары 80-92% тазалау коэффициенті бар өнімділігі 26000 м3/сағ жұмыс істейтін ДКВР 10/13 бу қазандарының мұржасы .
- Жобалық шешімге сәйкес жасалған ашық көмір қоймасы.
2024 жылдың 31 қаңтарында «Kazakhmys Distribution» ЖШС (Қазақмыс Дистрибьюшн) ашық қоймасында көмірді жоспарлы түсіру жұмыстары жүргізілді. Оңтүстік-батыстан соққан екпіні 20-25 м/с болатын күшті желдің салдарынан көмір шаңының көптеген ұсақ бөлшектері Сәтбаев қаласының аумағына қарай желмен ұшқан. Сондықтан тазарту қондырғысының жұмысына еш қатысы жоқ. Күл жинау жұмыстары қалыпты режимде атқарылуда.
Айта кетерлігі, жылыту маусымына дайындық кезеңінде жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары, соның ішінде ыстық су және бу қазандықтарының күл жинау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.