Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Түйткіл

Көне жәдігерді «қалжыратып» қойғанымыз қалай?

19.07.2024
- Түйткіл
0
Көне жәдігерді «қалжыратып» қойғанымыз қалай?
108
БӨЛІСТІ
301
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау төңірегінде Басқамыр, Аяққамыр деген орта ғасырға тән қалашықтар болған. Басқамыр Жезді өзенінің сол жағалауында, қазіргі Талдысай ауылының тұсында орналасқан. Ал, Аяққамыр – Жезді өзенінің сол жағасында, Қарабұлақ жылғасының осы өзенге құйылысында.

Оны алғаш археологтар Әлкей Марғұлан, Сәйден Жолдасбаев зерттеген. Аяққамыр күмбезі  ХІV ғасырдағы  қыпшақ заманынан келе жатқан көне сәулет өнері ескерткіші болып табылады.   Аяққамыр күмбезінің бүгінгі жай-күйіне таяуда Қарабұлаққа барғанда көз жеткізіп, көңіл құлазып қайтты.

Мемлекеттің қорғауындағы көне жәдігердің азып, тозған кейпі күмбезді көруге барғандардың қандай пікірде қайтатынын бағамдау да қиын. Күмбезді айнала қоршаған темір қоршаудың ішін тікенек шөп басқан, шөптен күмбезге қарай салынған тас жол мүлде көрінбеуге айналған. Тізеге жететін қалың шөпті жұлып тастау қаншалықты күшке түседі екен? Жылына бір рет  күмбездің айналасына тазарту жұмыстарын жүргізіп тұрса, жарасымды емес пе?

Ұлттық мұра, көне жәдігерлерді қорғауымыз керек деп Мемлекет басшысы айтып жатса да оған жауаптылардың құлақ аспай отырғаны қалай?  Өңірімізде мұндай құнды дүниелердің саны да анау айтқандай көп емес қой. Қолда бар алтынның қадірін кетіріп, сыйқын сүреңсіз етіп қойғанымыз Ұлытау есімін иеленген облыстың мәдени құндылықтарға жауапты тұлғаларына үлкен сын деп білеміз.

Аспан астындағы көне жәдігерді «қалжыратып», қадірін кетіріп қойғанымыз жарамас. Орталықтан шалғай жатса да бұл күмбезге көңіл бөлінуі керек. Келешек ұрпақ үшін маңызы бар жәдігердің жойылып кетуіне жол берілмесін.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.
Суретте: Аяққамыр күмбезінің қазіргі жағдайы.

 

 

Бөлісу43Твитерге27

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру