Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Тарихи сәтте өмір есігін ашқаныма мақтанамын

25 қазан – Республика күні

21.10.2022
- Мерей
0
Тарихи сәтте өмір есігін ашқаныма мақтанамын
122
БӨЛІСТІ
339
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Біз бақытты шақта ғұмыр кешудеміз. Бұл күнді көру біздің ата-бабамызға арман болғанымен, ұрпақтарының бүгінгі мамыражай тіршілігі жолында күресін ғасырлар бойы тоқтатқан емес.

Иә, мен Тәуелсіздіктің ақ таңы қалай атқанын көзбен көрмесем де оқулықтардан бұл аса құнды ұғымның қаншама құрбандықпен жеткенін білдім. Мен өмірге келген 1990 жылдың 25 қазанында егемендігімізді паш ететін Тәуелсіздіктің басты құжаты – Тәуелсіздік декларациясы қабылданыпты. Бұл құжат қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған азаттығына жол ашты. Қазақ еліне 25 қазан – Республика күні 13 жылдан кейін қайта оралды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке ретінде атап өту туралы заңға қол қойды. Бұл қуанышты хабарды Ұлытау облысына өткен Ұлттық құрылтайда баршаға жария еткен болатын. Ұлытау төріндегі бұл қуанышты хабарды естігенде менің де кеудемді қуаныш кернегенін жасыра алмаймын. Өйткені, биылдан бастап Егемендік туралы декларация қабылданған күн ұлттық сипатқа ие болды. Егемен ел тарихының жылнамасы басталған Республика күнін қайтару – Жаңа Қазақстан үшін үлкен жеңіс деп бағалаған жөн. Өйткені, біздің жарқын болашағымызға негіз болған құжаттың қабылданған күні барша қазақты шаттыққа бөлегені шындық. Егемендік туралы декларацияның қабылдануы негізінде жас мемлекетіміз жеке еншісін алып, еңсе тіктеді, дамуға бет алды. Ел экономикасы әлденіп, өзге мемлекеттермен терезесі тең жағдайға жетті. Бұл, әрине, тәуелсіздіктің басты нышаны деп білеміз. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ Тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен Қазақстанның егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Тәуелсіздіктің төлқұжатына айналған декларацияның да қабылданғанына биыл 32 жыл толыпты. Менімен түйдей құрдас құжаттың арқасында тәуелсіз елде еңбек етіп, балаларымды тәрбиелеп отырмын. Отанын шынайы сүю арқылы елге, қоғамға қызмет жасау деген нағыз бақыт екенін түсіндім. Өзім Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тумасы болсам да өніпөскен мекенім – Жезқазған. Осы құтты мекенде тамыр жайып келемін. Қазіргі таңда «Ютария» ЖШС-нің арнайы киіммен қамту орталығында оператор болып еңбек етудемін. Осы кәсіпорыннан тапқан табысым арқылы баспаналы болдым. Ендігі мақсатым балаларыма жақсы тәрбие, сапалы білім беріп, олардың тәуелсіз Қазақстанның лайықты азаматары болып қалыптасуына барлық жағдайды жасау. Егемендік – бізге бұйырған үлкен бақ. Сол бақтың қадір-қасиетін түсініп, ел дамуына үлес қосуымыз керек. Егемендіктің арқасында біз барлық мүмкіндікке қол жеткізіп келеміз. Тек білім алып, адал еңбек ету басты парыз екенін ұмытпаған абзал. Жаратқанға шүкір, атқан таңымыз Әнұранмен басталып, Көк байрағымыздың көлеңкесінде күліп оянып жатырмыз. Туған күнім осы тариxи сәтпен байланысты болған соң мақтанып айтуға болады. Әрбір азамат ата-анасын сыйлап, құрметтеп, өзінің туған жеріне деген маxаббатын арнаса және сүйікті жұмысы болса, елге қосқан үлесі дер едім. Егемен еліміздің ертеңі ерекше, болашағы баянды, келешегі кемелді болуына атсалысатын жастарымыз көбейе берсін дегім келеді. Тәуелсіздік – бұл ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы толассыз күресінің, арман-аңсарының жемісі. Сондықтан әр адам ел Тәуелсіздігінің бағасын біліп, қадірін түсінсе, Қазақстан әлем назарын аударған, тілектестерін сүйсінткен мықты елге айналары анық.

Данагүл ШӘКЕНОВА,

«Ютария» ЖШС-нің қызметкері.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025
Бөлісу49Твитерге31
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру