Сейсенбі, 11 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

Талпынған жетер мұратқа

15.11.2024
- Еңбек адамы
0
Талпынған жетер мұратқа
92
БӨЛІСТІ
256
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС тау-кен, шахта жабдықтары зауытында Еламан Аяған есімді жалынды жас маман бар. Оның мамандығы – дәнекерлеуші. Еламан Аяғанұлы бұл өндіріс нысанына 2016 жылы жұмысқа орналасқан. 6 айдай еңбек етіп, азаматтық міндетін өтеуге әскер қатарына шақырылды.

2018 жылы зауытқа қайта келіп, мамандығы бойынша жұмысын жалғастырды. Аргонмен дәнекерлеу ісін Еламанға алғашқы тәлімгері Айдос Мусинов меңгертті. Металл құрастырмаларын жіптіктей етіп, қисынын келтіріп дәнекерлеуге Еламан Аяғанды үйреткен тәлімгердің бірі Мұратбек Сақтапберген болды. Қазір Еламан сол тәлімгерлердің арқасында дәнекерлеудің қыр-сырын толық меңгерген дәнекерлеуші. Мейіржан Құлжанбеков басшылық жасайтын цехта еңбек ететін Еламан жақында Балқаш қаласында өткен «WorldSkills Kazakhmys 2024» корпоративтік чемпионатына қатысып, дәнекерлеушілер арасынан ІІІ орынды иеленді.

Еламан бұл чемпионаттан алған әсері жайында былайша ой бөлісті: – Зауыт басшылығы сеніммен додаға қосқасын үміттерін ақтауға тырыстым. Басшымыз Мейіржан Егінтайұлы сарапшы ретінде бірге барды. Екі күнгі жарыстың бірінші күнінде  түсті металдарды дәнекерлеп, аргонмен жұмыс істедік.

Түсті металдан алюминий мен тот баспайтын пластиналарды дәнекерледік. Екінші күні қара металл, яғни темір дәнекерледік. Металл құрастырмаларын сызбаға қарап құрастырдық. Күнделікті жұмыс орнымда атқарып жүрген тәсілдерді қолданғандықтан екі кезеңде де қатты қиындық болған жоқ. Чемпионатқа 78 үміткер қатысса, он екісі дәнекерлеуші болды, – деді.

Зауыттың ғана емес «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС намысын қорғаған Еламан Аяғанның еңбектегі бұл жетістігі ұжымның мәртебесін асырғаны сөзсіз. Өндіріске келгеніне 8 жыл болса да оң нәтижеге қол жеткізіп жүрген Еламанның талпынысы таудай.

Суретте: Еламан Аяған цех басшысы Мейіржан Құлжанбековпен.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу37Твитерге23

Көп қаралған

  • Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • День Абая

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🧹 ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 МУСОР МОЖЕТ БЫТЬ НЕ ВАШИМ, НО ЧИСТОТА — ВАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру