Жұма, 23 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Табысы тасыған жыл болды

30.12.2022
- Мерей
0
Табысы тасыған жыл болды
96
БӨЛІСТІ
266
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жаңа жылдық  сауалнама

‣ Өткен жыл несімен  есте қалды?

‣ Жаңа жылдан не күтесіз?

Нұржан Аяшев, «Нұрқазған» кенішінің бригадирі:

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Әр жыл өзінің жағымды жаңалығымен есте қалады. Жеті қат жер астында кен қопарған кеншілер үшін қауіпсіз еңбек етіп, белгіленген жоспарды уақытылы орындау үлкен жетістік саналады. Мен кен өндіру саласында 2002 жылданбері еңбек етіп келемін. Биыл еңбектің қызу ортасына түскеніме 20 жыл болыпты.

Алғашқы еңбек жолым Ғ. Омаров атындағы шахтақұрылысы тресінде бастау алды. Жезқазған өндірістік аймағындағы алып кеніш саналған «Анненск» шахтасында шыңдалдым. 2008 жылдан бері «Нұрқазған» кенішінде тыңға түрен салып келемін. Қарапайым кеншіден бригадир дәрежесіне дейін өстім. Біздің кен өндіру телімінің өндірістік жоспарды игерудегі табысы жыл сайын артып келеді. Менің бригадама жүктелген 250 қума метрге межеленетін бұрғылау жұмыстарын 270-280 қума метрге дейін жеткізіп, жоспарды асыра орындап келеміз. Телім басшымыз Азамат Есенов, телім басшысының орынбасары Ғабит Шубаев бастаған ұжым кенішті алға бастауда. Бригадамдағы өз ісінің шеберлері Бейбіт Жақыпов, Ерлан Тоқтарбаев, Рахым Сүлейменов, Мадияр Құттыбаев, Жанкелді Масекенов, Бауыржан Мәшкен, Ерден Ерманов деген жігіттер ұжымның абыройын асыруда.

Биылғы жыл біздің бригадамыз үшін нәтижелі жыл болды. Берілген жоспарды мерзімінен бұрын орындап, жылды нәтижелі қорытындыладық. Мұнан бөлек, менің кен өндірісіндегі еңбегімді ерекше бағалаған «Нұрқазған» кенішің директоры Мұқан Үңгітбаев пен «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Айбын Арынғазинов екінші дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісіне ұсынып, омырауыма тақтым. Бұл марапат менің ғана емес тұтас телімнің, бригаданың еңбектегі ерекше жетістігі деп білемін. Бір сөзбен айтқанда, барыс жылы табысы тасыған жыл болды. Келер жылдан біздің ұжым жаңару мен жақсылық күтеді. «Нұрқазған» кенішінің әлеуеті зор. Сондықтан біз әлі де кен өндіру ісін өркендетуге атсалыса бермекпіз.

Келер Қоян жылы баршаңызға табыс пен игілік алып келсін!

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру