Дүйсенбі, 8 Маусым , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Табысты болашаққа – нық қадам

11.02.2022
- Кәсіподақ тынысы
0
Табысты болашаққа – нық қадам
142
БӨЛІСТІ
395
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Жыланды» кенішінің «Қарашошақ» шахтасы жыл басынан кен алу жұмыстарын бастады. Бүгінде «Қарашошақ» шахтасы кешенді телім ретінде жабдықталып, онда
32 кенші еңбек етуде.

Жылдың алғашқы айлық көрсеткіштері бойынша кеніштен 30 мың тонна мыс кені алынды. «Айлық жоспарды 40 мың тонна деңгейіне көтереміз, – дейді телім басшысы Ағыбай Ғабдулуахитов сенімді түрде. – Шахтадагы алғаш кен алу жұмыстарын бастап кеттік, жұмысымыз өнімді, жоспарға сәйкес кен өндіру жұмыстарын ұйымдастырып жатырмыз».

Мұнда бұрғылау, аттыру, босаған кен жыныстарын тасымалдау жұмыстары екі ауысымда жүргізіліп жатыр. Ғажабы, шахта жұмыскерлерінің дені жас мамандар болғанымен, олар кен алу жұмыстарында шыныққан азаматтар. Алмас Тілегенов – кен өндіру саласында 13 жыл өтілі бар бригадир.

– Жігіттердің көбі жастар болғанымен, кісі алдын көрген, аға буын тәрбиесімен келе жатқан жастар. Жаңа қалыптасқан ұжым болғандықтан бас кезінде екіұшты ойлар болғанымен, бүгінде бір атаның балаларындай бірлікте жұмыс істеп жатырмыз. – дейді ол.

– «Жыланды» кенішінің қалыптасу, даму, өркендеу кезеңі көз алдымызда болып жатқан құбылыс. Кеніш құрамына «Шығыс Сарыоба», «Итауыз», «Қыпшақбай» шахталарымен қатар бүгінде «Қарашошақ» шахтасының кен беру үдерісіне куә болып отырмыз. Жаңа ашылған шахта ұжымы «Жыланды» кенішінің қауіпсіз еңбек ету дәстүрін жалғастырып отырғаны көңілге қуаныш ұялатады. Жоспарға сәйкес кен алу жұмыстарын кеншілеріміз аянып қалмайтынымызға сеніміміз мол» – дейді «Жыланды» кеніші директоры Нұрболат Байсадықов.

Жас кен орынына түрен салған кеншілер арасында телім механигі Бейсенбек Жанулов, бұрғылаушы Еркеболат Есімғазинов, бұрғылаушының көмекшілері Азамат Мұқашев, Нұрбол Шойбеков, кен жару ісінің мамандары Амантай Қоқанов, Асылбек Диханбай, Самат Қадырсіз, бекітуші Самат Шенгенов, катеристтер Сүйіндік Әбдрахманов, Арман Әбдіров, төбе қауіпсіздендіруші Марғұлан Әбжаппаров, «ТОРО» жүргізушілері Еркебұлан Жаңабергенов, ардагер кенші Мейрам Тезекбаев бар.

Қажырлы еңбек етіп, табысқа ұмтылған, мол өнім шығаруға бел буған кеншілердің жұмыс орнының жағдайы «Кәсіпқорған» кәсіподағының назарынан тыс қалған емес. Осы орайда кеніштегі кәсіподақ комитетінің тарапынан жаңа телім ұжымына тұрмыстық заттар табысталғанын айта кету керек. Комитет төрағасы Сәкен Смағұлов кеншілердің еңбегіне табыс тілеп, кәсіподақ тарапынан үнемі қолдау болатындығын жеткізді.

Бағдат Айтөреұлы

Таңбалар: Сәтбаев
Бөлісу57Твитерге36

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1638 бөлісті
    Бөлісу 655 Твитерге 410
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1538 бөлісті
    Бөлісу 615 Твитерге 385
  • Бағаналының Сағындық батыры

    895 бөлісті
    Бөлісу 358 Твитерге 224
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    864 бөлісті
    Бөлісу 346 Твитерге 216
  • Кеңгірбай бидің батасы

    629 бөлісті
    Бөлісу 252 Твитерге 157
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру