Жұма, 23 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Сурет сыры

Сарыарқа газетіне – 50 жыл

07.04.2023
- Мерей
0
Сурет сыры
90
БӨЛІСТІ
249
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Сарыарқаның» елу жылдығына материал ұсыну үшін жеке архивімді ақтарғанда, көзіме осы сурет түсті. Сыртына былай жазылған: «Союз Т-9». Экипаж командирі В. А. Ляхов, борт инженері А. П. Александров. 150 тәулік ұшқан. 23.ХІ.1983 ж.». Бар ақпарат осы.

Әрине, ғарышкердің ұшып-қонғаны жезқазғандықтар үшін таңсық емес. Суретте сол жақтан төртінші басым қылтиып тұрғаныма қарағанда, осы оқиғаның куәсі болғаным анық. Тіпті облыстық газетке репортаж жазуым да мүмкін. Бірақ, ойыма ештеңе оралмады. Суретті түсірген С. Медецкий де есімде қалмапты. Қалай болғанда да қырық жылға жуық уақыт өткен ғой?! Сосын елгезек интернеттің қызметіне жүгіндім.

Владимир Афанасьевич Ляхов пен Александр Павлович Александров екеуінен жасақталған экипаж 1982 жылғы желтоқсаннан ұшудың автоматы режиміне көшіріліп, жарты жылдан астам адам табаны тимеген «Салют-7» орбиталық ғылыми станциясына жіберілген екінші негізгі экспедиция екен. «Союз Т-9» ғарышкемесі «Салют-7» станциясымен түйіскеннен кейін ғарышта «Салют-7» – «Космос-1443» – «Союз Т-9» кешені қалыптасады.

Ұшу кезінде ғарышкерлер екі рет (1 қарашада – 2 сағат 50 минут, 3 қарашада – 2 сағат 55 минут) ашық кеңістікке шығып, электр көзіне қосымша күн батериясын орнатады. Станция бортында экипаж ғылыми-техникалық және медициналық-биологиялық зерттеу жүргізіп, эксперимент жасайды.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

1983 жылы 27 маусымда ертеңгілік көкке көтерілген ғарыш кемесі 149 күн 10 сағат 46 минуттан кейін қайтып оралып, Жезқазғанның шығысындағы 160 шақырым жерге қонады.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Бөлісу36Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Жерлесіміз – «Қазақстанның Еңбек Ері»

Жерлесіміз – «Қазақстанның Еңбек Ері»

23.05.2025
Министр «Қазақмыстың» еңбек жағдайымен танысты

Министр «Қазақмыстың» еңбек жағдайымен танысты

23.05.2025
Ұлытау облысы бизнесті дамытуда көшбасында

Ұлытау облысы бизнесті дамытуда көшбасында

23.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру