Қаламызда ауызсу құбырларын жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда Сейфуллин көшесінен Құрманғазы көшесінедейінгі құбырлар ауыстырылуда.
Жөндеу жұмыстарын мердігер ұйым «КазЕвроСтрой» ЖШС жүргізуде. Әзірге 2 шақырым су құбыры тартылған. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға жергілікті бюджеттен 644 миллион теңге қаржы бөлінген. Құрылыс алаңында 8 техника 16 адам қарқынмен қызу жұмыс жасап жатыр. Енді сәтін салса, бұл көшелерде ауыз су сапасыжақсармақ. Айта кету керек, жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарда бар.
– Қазіргі уақытта Құрманғазы көшесінен Шевченко көшесіне дейін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 3 бригада Мәметова көшесінен Гагарин көшелеріндегі үйлерге дейінгі аралықта құбырлар тартылуда, – деді Жезқазған қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы Болысбек Шалқар.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.