Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Көкейкесті

Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

04.04.2025
- Көкейкесті
0
Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда
73
БӨЛІСТІ
202
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сайын далада сағымдай жортып жүрген ақбөкені былтырғы жылдың қысынан бері Ұлытау облысынан жылыстап кете алмай, климаты шұғыл құбылмалы өлкеде мекендеп қалды. Тебіндеп азығын табатын киіктің көбі аштықтан әлсіреп, төңіректе өлексеге айналды.

Көктем шыға ақбөкендердің сол ұшалары Жезқазған, Қаражал маңынан топ-тобымен аршып алынды. Жезқазған қаласының тұрғындарын алаңдатқан мәселе осы өлекселердің шаһар үшін жалғыз тіршілік көзі саналатын Кеңгір су қоймасында ұшалардың қалқып шығуы болды. Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің тапсырмасына орай, өлекселерді жинау жұмыстары ұйымдастырылды. Облыс аумағындағы Жезқазған және Қаражал қалалары бойынша 1 сәуірдегі ақпаратқа сүйенсек, 6 919 бас киік ұшасы табылып, олар арнайы мал өлексесін көметін орынға тасталған.

Жезқазғанды су көзінің 70 пайызымен қамтып отырған Кеңгірдегі өлекселерді сүзіп алу жұмыстарына Төтенше жағдайлар басқармасының арнайы құрамы жұмылдырылған. Осы су қоймасының өлекселерден кейінгі санитарлық жағдайы қала халқын алаңдатып отыр. Кеңгірдің бүгінгі күнгі санитарлық ахуалын білу мақсатында Ұлытау облысы санитарлық-эпидемиалогиялық департаментінің Жезқазған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасына хабарласқан болатынбыз.

Басқарма басшысы Нұрбол Жолдыбаевтың айтуынша, қазіргі күні су қоймасының санитарлық жай-күйі бақылауда.

Сондай-ақ оқыңыз

Қымызың қайда, қазақ?..

Қымызың қайда, қазақ?..

04.04.2025
Ауырып, ем іздегенше…

Ауырып, ем іздегенше…

29.11.2024

– «Жезқазған жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС өндірістік зертханасымен бірлесіп 2025 жылғы 21 наурызда микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге, соның ішінде органолептикалық қасиеттері, ауыз су қауіпсіздігінің жалпыланған көрсеткіштерді зерттеу үшін бірінші көтергіш сорғы станциясынан (Кессон) су үлгілеріне іріктеу жүргізу туралы шешім қабылданды.

Зерттеу барысында судағы азот бойынша қаттылық пен аммиакты анықтауға баса көңіл бөлінді. Себебі, мұндай жағдайда аммиактың көрсеткіші жоғары болады. Кеңгір су қоймасынан алынған сынамаларда мұндай көрсеткіш шыққан жоқ. Қалыптасқан жағдайға байланысты Жезқазған санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы мен «Жезқазған жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС алдағы кезеңдерде де бірлескен жұмыстарды атқара береді, – деді басқарма басшысы.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру