Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс және өмір

Спортта ептіліктерін танытты

13.09.2024
- Өндіріс және өмір
0
Спортта ептіліктерін танытты
83
БӨЛІСТІ
231
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы Қарағанды филиалының ұйымдастыруымен Қарағанды өңіріндегі «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрылымында еңбек ететін еңбеккерлер арасында спартакиада өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттап, еңбеккерлерді спортпен шұғылдануға үндеген жарыс кеншілер мен байытушылардың құрметіне арналды. Спартакиадаға қатысу еңбеккерлердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұжымды біріктіреді, спорттық іс-шараларға қатысуға ынтасын арттырады. Шағын футбол, ерлер мен әйелдер арасында волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика сынды спорт түрлерін қамтыған жарыс тартысты өтті. Атап өтейік, бұл спорттық бәсекеде аймақтағы кен өндірісінің алыбы «Нұрқазған» кенішінің еңбеккерлері оқ бойы озық шығуға ұмтылды. Ұжымның намысын қорғағандар жеңіс туын желбіретті. Атап айтқанда, үстел теннисінен Есен Құлахметов І орынды жеңіп алса, ІІ орынның жүлдесін де нұрқазғандық Аян Шәкенов еншіледі. ІІІ орын «Барлау» кенішінен Санжар Шерубаевқа бұйырды.

Жеңіл атлетикадан командалық есеп бойынша І орынды «Нұрқазған» кенішінің командасы алса, ІІ орын Қарағанды құю-машина жасау зауыты командасының үлесіне тиді. ІІІ орынмен цифрландыру қызметінің командасы марапатталды. Әйелдер арасында ұйымдастырылған үстел теннисінен І орын «Нұрқазған» байыту фабрикасынан Маржангүл Әнуашқа тиесілі деп танылса, «Нұрқазған» кенішінен қатысқан Шолпан Ахметоваға ІІ орын бұйырды. ІІІ орын Қарағанды құю-машина жасау зауытының еңбеккері Айнұр Сарыбаеваның еншісіне тиді. Волейболдан командалық есепте «Нұрқазған» кеніші топ жарса, ІІ орынды Қарағанды құю-машина жасау зауытының командасы алды. ІІІ орын Қарағайлы байыту фабрикасына бұйырды.

Жеңіл атлетикадан І орын «Нұрқазған» кенішінен Ағыбай Нығыметовке тиесілі деп танылды. ІІ орынды «Қазақмыс Коал» ЖШС-нен Батырхан Тұмов еншілесе, ІІІ орын «Нұрқазған» кенішінен Медет Жайлаубаевтың үлесіне тиді. Әйелдер арасында І орынға «Нұрқазған» кенішінен Сәуле Бедербекова лайық деп танылса, ІІ орынды Қарағанды құю-машина жасау зауытынан Наталья Тоқмақова алды. ІІІ орынмен цифрландыру қызметінен Нұрсұлу Кәкетаева марапатталды. Шағын футболдан І орын «Қазақмыс Коал» ЖШС-не бұйырса, ІІ орын Қарағайлы байыту фабрикасына, ІІІ орын «Қазақмыс Барлау» ЖШС командасына берілді.

Жарыс қорытындысында төрешілердің ұйғарымымен спартакиадада «Нұрқазған» кеніші еңбеккерлерінің спорттағы ептіліктері мен салауатты өмір салтына деген ынталары жоғары бағаланды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу33Твитерге21

Көп қаралған

  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ата-ана баланың қандай әрекеті үшін жауапқа тартылады?

    136 бөлісті
    Бөлісу 54 Твитерге 34
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру