Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Көкейкесті

Сөзді бұрмалаудан тіліміздің қадірін кетіріп жүрміз

03.05.2024
- Көкейкесті
0
Сөзді бұрмалаудан тіліміздің қадірін кетіріп жүрміз
103
БӨЛІСТІ
286
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жасыратыны жоқ, соңғы кездері қазақ қазақ болғалы қолданылып келе жатқан, ата-бабаларымыз тұшынып айтатын кейбір сөз тіркестері мен тәмсілдері мүлдем басқа мағынада қолданылатын болды. Тіпті оны бұрмалап айтуды әдетке айналдырып алдық. Ал, мұның соңы ана тіліміздің қадір-қасиетін кетіріп жатқанын ойлап та жүрген жоқпыз.

Жуырда елге белгілі, халық сыйлап, қастарлеп жүрген бір апамыз «Құлағына алтын сырға» деген сөздің мағынасын мүлдем басқашы айтып, көңілімді қалдырды. Әлеуметтік желіде жастарға ақыл-кеңесін айтып отырған апамыз: «Жастардың құлағына алтын сырға», осының бәрін санасында ұстап, күнделікті өмірлеріне пайдаланып жүрсе, одан еш жамандық көрмейді», – деп аңыратып отыр.

Мынаны естігенде «Апыр-ай, мына кісінің осынша жасқа келгенше бұл сөздің қандай мағынада айтылатынын шынымен білмегені ме?» деп ойладым. Тым болмағанда ғаламторды да қарамаған екен.

«Құлағыңа алтын сырға» тіркесін сөздің жілігін шағып, майын ішкен дейтін асабалардың да кері мағынасында қолданып жүргені қынжылтады. Олар да үлкенді, кішілі тойларда көсіле сөйлеп, шешіле шешенсіп келіп, сый-сияпат таратып тұрғандай «Құлағыңа алтын сырға» деп қойып қалады. Ал, бұл тіркестің негізгі мағынасы «естісең де, естімегендей бол, сыр сақта, бұл айтқаным осы жерде қалсын» дегенді білдіретінін олар ескермейтін де сыңайлы.

Сондай-ақ оқыңыз

Қымызың қайда, қазақ?..

Қымызың қайда, қазақ?..

04.04.2025
Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

04.04.2025

Бұрындары ақ көңіл, аңқылдақ ағаларымыз қызды-қыздымен артықтау кетіп бара жатқанында жеңгелеріміз, «Жазған-ау, жан-жағыңа қарасаңшы, бала-шаға отыр», деп ескерту жасап жататын. Сондайда әлігі ағамыз «Ой, балалардың құлағына алтын сырға, олар мұндайды естімеді» деп уәж айтып жатады.

Сөзіміз салмақты болу үшін мына бір әңгімені де айта кеткенді жөн көріп отырмын. «Баяғыда билеріміз, ақсақалдарымыз, ел ағалары ел-жұрттың келелі істерін кеңеске салып отырғанда, соғыс жәйін, жаудан қорғану немесе жауға шабуылдау жәйі сынды аса құпия сөздерді немесе басқа да құпия сөздерді айтар кезінде осы сөзді қолданады екен. Ондағысы қымыз құйып, шай құйып қызмет жасап жүрген келін-кепшек бұл сөзді естімесін дегендері екен. Сонда, «Келіннің құлағына алтын сырға» дейді екен. Онысы келінге өте сыпайы түрде «Қалқам, бұл әңгіме өте құпия, сен шығып тұра ғой, не құлағың шалып қалса, сен естімедің, біз айтпадық» деп ескерткендері екен. Міне, келін мен үлкендер арасындағы қазақы силастық пен қазақы құрмет. Бұл сөзді естігенде келіндер де өздігінен атып тұрып, ақсақалдар отырған үйден жырақтап кетеді екен. Демек, сөз мағынасынан-ақ шығып тұр ғой, «Келін, саған алтын сырға алып берейік, силығыңды жасайық, сен жаңағы айтылған әңгімелерді естімедің» деген сияқты аса нәзік, аса сыпайы айтылған ескерту сөз ғой. Міне, қазақы силастық. Сөз қадірі – өз қадірім дейтін кез келген қазақ осыны түсініп, жадында мықтап ұстағаны абзал. Сөзді бұрмалағанның салдары ұлттық салт-дәстүрімізге салқынын тигізерін естен шығармайық ағайын.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу41Твитерге26
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру