Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

«Шығыстағы» шырайлы шара

15.07.2022
- Мерей
0
73
БӨЛІСТІ
204
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Елорда күні мерекесіне арналған салтанатты жиынды осылай әспеттесе болғандай. Шығыс Жезқазған кенішінде жеті қат жер астында кен өндірген кеншілер мен қарапайым еңбек адамының даңқын асырған бұл шараны кеніш әкімшілігі, «Казпрофметалл», «КәсіпҚорған», «Еңбек» кәсіподақтары мен «Қазақмыс Корпорациясы» еңбеккерлерінің «JastarBolashaq» Жастар одағы және «Әділетті жол» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Салтанатты жиында сөз алған кеніштің бас инженері Дархан Әбдіқасов, «Казпрофметалл» кәсіподағының төрағасы Бағлан Мырзаханов аға буын өкілдері электровоз машинисі Николай Петров пен тау-кендиспетчері Ирина Владимироваға «Еңбек ардагері» медалін тақты. Анненск шахтасының басшысы Аслан Әбжаппаров екінші дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісіне, аталған шахтаның шеберлері Жанәлі Қоңыратбаев, Айдос Жартыбаев, №55 шахтаның телім басшысының орынбасары Талғат Әбдірахманов, №57 шахтаның тау-кеншебері Дәуренбек Орысбаев үшінші дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісіне ие болды.

Мұнан кейін марапаттау рәсімін «КәсіпҚорған», «Еңбек» кәсіподақтары жалғастырды. «КәсіпҚорған» Жезқазған филиалы төрағасының орынбасары Сержан Жақсыбеков Елорда күнінде марапатқа ие болған кеніш еңбеккерлері Мағжан Әбеевке, Еділ Байтанатовқа, Нүркен Сапаровқа кен өндірісін өркендетудегі үлестеріне алғыс айтып, филиал атынанмарапаттады.

Жалынды жастардың қолдаушысы болып жүрген «Jastar Bolashaq» Жастар одағының төрағасы Луиза Мыңбаева, «Әділетті жол» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылбек Қойлыбай үздіктерге сый-құрмет көрсетті.

Бригадирлер кеңесінің ұйғарымымен биылғы жылдың 6 айында үздік көрсеткішке ие болған еңбек ұжымдары анықталған болатын. Жиында сол жеңімпаздарға марапат тапсырылды. «Үздік бригада» аталымында үшінші орынды Анненск шахтасы №84 телімнен Айдын Жаткеевтің бригадасы иеленсе, екінші орынды №55 шахтасы №70 телімдегі Асқар Қожамсейтовтің бригадасы еншіледі. Бірінші орынның марапатын №57 шахтаның №2 телімінен Нұрболат Естаевтың бригадасы жеңіп алды.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

«Үздіктелім» аталымында Анненск шахтасындағы Айтмағанбет Мұқанов басшылық жасайтын №85 телім, №55 шахта бойынша Азамат Байсалбаевтың басшылығындағы №54 телім мен №57 шахтадан Бекзат Сәрсенбековтің жетекшілігіндегі №15 телім үздік деп танылды. Озат ұжымдарға ақшалай сыйақы табысталды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру