Екі мыңыншы жылдардың бас кезінде Жезқазған аймағының кен өндірісінде елеулі тарихи оқиға орын алды. Өңірдегі алып кеніштердің қатарын келешегі кемел «Жомарт» кеніші толықтырды. Қуатты кен орнының бүгінгі әлеуеті кен өндірісіне мол үлес қосуда. Кеніштің өндірістік көрсеткішін межелі уақытта еңсеруде № 7 конвейер телімі ұжымы үдде биігінен көрініп, биылғы жылдың тоғыз айын табысты қорытындылады.
Суретте: телімнің бір топ еңбек озаты.