Бейсенбі, 5 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Көкейкесті

Шала туылған балалар саулығы – басты назарда

Ұлытау облысының жаңалықтары

31.03.2023
- Көкейкесті
0
Шала туылған балалар саулығы –  басты назарда
93
БӨЛІСТІ
259
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысы перзентханаларындағы нәрестелердің 6 пайызы шала туады екен. Осы санаттағы сәбилердің көру қабілеті төмен болу қаупі басым. Көз ауруларын дер кезінде анықтау үшін «Қазақстан халқына» қоры жаңа облыстағы көпбейінді ауруханаға маңдайбинокулярлық офтальмоскопты сыйлады. Заманауи медициналық құрылғымен жұмысі стейтін маман қор есебінен біліктілігін арттырған.

Шала туған балалардың көз ақауы тамырлардың жетілмеуінен пайда болады. Дер кезінде анықталмаса, соқырлыққа әкеледі. «Қазақстан халқына» қоры елдегі 30 шақты емдеу мекемесін осы дертті анықтап, емдейтін құрылғылармен қамтыды. Барлық құрал-жабдықтың жалпы құны 300 млн теңгеден асады. Ұлытау облысындағы жалғыз балалар көздәрігері Айгүл Хамитова, кішкентай пациенттерге сапалы қызмет көрсету үшін арнайы біліктілігін арттырып келген.

– Өмірге келген сәбилерді офтальмоскоп арқылы уақытында, екі аптадан бастап көздің тор қабықтарын тексере бастаймыз. Даму қарқынын тұрақты назарда ұстаймыз. Соған байланысты ретинопияның сатыларын анықтаймыз, ал бұл өз кезегінде соқырлықтың уақытында алдын-алуға негіз қалайды, – дейді жоғары санаттағы балалар офтальмологы А. Хамитова.

Өткен жылғы статистика бойынша, Қазақстанда 30 мыңға жуық шала туған нәресте тіркелген. Ұлытау облысында ай сайын 200 астам бала туса, олардың 6 пайызы мерзімінен бұрын дүниеге келеді дедік. Ал, биыл жыл басынан бері шала туғандар саны 38-ге жетіп отыр. Олардың барлығы жаңа аппаратпен тексерілді. Ешқайсынан ретинопия, яғни, көз ақауы анықталған жоқ. Десек те, бұл нәрестелер екі ай бойы дәрігердің қадағалауында болады.

Сондай-ақ оқыңыз

Қымызың қайда, қазақ?..

Қымызың қайда, қазақ?..

04.04.2025
Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

04.04.2025

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Бөлісу37Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру