«Қазақмыс» корпорациясының негізгі үш өндірістік алаңы – Жезқазған, Қарағанды, Балқашта жерасты ауыр техникаларына сервистік қызмет көрсету жобасын жүзеге асырып отырған құрылымның бірі де бірегейі – «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Аталған компанияның құрамындағы Жезқазғансервис кәсіпорнына қарасты сервистік телімдердің қызметінде бір сәтке де тоқтау жоқ. Шахта астындағы тынымсыз тірліктің бір сәтке кідіріп қалмауында техникалардың атқаратын маңызы айрықша. Оңтүстік Жезқазған кеніші № 65 шахтадағы сервистік телімнің ұжымы – техниканың тілін тапқан бесаспап майталмандар.