Сәрсенбі, 25 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Аймақ мәселесі

Сен салар да мен салар… Ал, қаланың жолын кім салар?!

15.09.2023
- Аймақ мәселесі
0
Сен салар да мен салар… Ал, қаланың жолын кім салар?!
102
БӨЛІСТІ
284
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Иә, қазіргі қаламызда жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстары шаруа баққан қазақтың «Сен салар да мен салар, атқа жемді кім салар?» деген тәмсілін еске түсіреді. Олай дейтініміз, жұмыс біреу, ал оны жүзеге асырудың барысы әрқилы һәм бір-біріне кереғар. Бұл мәселе Жезқазған қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында да сөз болды.

Жалпы, облысымызда, әсіресе, Жезқазған қаласында өзекті мәселеге айналған – жол мәселесі газетіміздің 25 тамыздағы № 30 (1783) санында жарық көрген «Жолдың жыры бітер күн бола ма?!» деген мақалада сөз болған еді. Енді, міне, осы жайтты қалалық қоғамдық кеңес мүшелері де кеңінен қозғады. Бізге мәлім болғандай, отырысқа Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов, Жезқазған қалалық мәслихат төрағасы Раушан Қапарова, сарапшы Жүрсінбай Лекеров, қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық бөлім басшылары, прокурорлар, мердігерлер қатысты.

Кеңестің жұмысына қатыса алмағанымызбен, осы алқалы жиында орамды ой, пайымды пікір айтқан бірқатар азаматтарға қоңырау шалған едік.

– «Жол мұраты – жету» дейді халқымыз. Бірақ, мысты қаланың жолы мен ойға алған жоспарыңның уақытында орындалуы екіталай. Айта-айта жауыр болған мәселенің өзектілігі күн тәртібінен түспеуде. «Неге жұмыс тоқтап тұр? Асфальтты салып тастауға не кедергі?» деген сынды сұрақтар көп. Бірақ, тапсырыс беруші мен оны орындаушылар тарапынан бұған көңілге қонымды жауап айтылмады жиында, – деп қынжылады қалалық мәслихаттың төрағасы Раушан Қапарова.

Сондай-ақ оқыңыз

Тасқынға – тосқын

Тасқынға – тосқын

21.02.2025
Экологиялық сараптама аяқталды

Экологиялық сараптама аяқталды

08.11.2024

Раушан Оңқонысқызының айтуынша, бүгінгі күні қала бойынша жол жөндеу жұмыстарын үш мердігер компания жүргізеді екен. Олар – «Рокада», «Алмас-Құрылыс», және «Сенім строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Міне, осы мердігерлердің жұмысты мерзімінде орындауына қолбайлау болып отырған кедергілер шаш етектен. Оның біріне жергілікті билік тарапынан болып отырған салғырттықтар мен немкеттіліктер себеп болса, екіншісі аталмыш компаниялардың арасында өзара байланыстың, іскерлік қарым-қатынастың болмауынан туындауда. Бұл жайында бізге қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Абзалбек Молақов егжей-тегжейлі айтып берді.

– Біздегі жол жөндеу жұмыстарының осы уақытқа дейін дұрыс жолға қойылмауы жергілікті биліктің осы салаға жауапты мамандары мен бөлім басшылары тарапынан болып отырған салғырт-салақтықтан, тіпті немқұрайлылықтан десек болады. Неге дейсіз ғой. Балықтың басынан шіритіні сияқты, бұл жұмыстағы былық та ең әуелде жасалатын жобалық-сметалық құжаттардың дұрыс жасалмауынан болып отыр. Кез келген жұмысты бастамастан бұрын оның жай-жапсары толық зертеліп, сараптамадан өтуі керек. Міне, бізде ең бірінші жасалуы керек осы сараптама жоқ. Оны ешкім қаперіне де алмайтын сияқты. Сараптама жасалуы керек дегенді сол мамандар білмейді емес, біледі. Бірақ оған мән бермейді. Жүрдім, бардым қарайды. Сосын жобалық-сметалық құжат жасай салады. Оның өзі шикі. Істелінуге тиісті жұмыстың бірі бар, бірі жоқ. Мысалы, Байқоңыров көшесінің бойында жолды жасап келе жатқан мердігер сол жолдың іргесіндегі бағанды айналып өтеді. Өйткені, ол бағанның түбіне нығайту, асфальт төсеу ЖСҚ-да көрсетілмеген. Мұндай олқылықтарды ондап айтуға болады, – дейді Абзалбек Молақов.

Алқалы жиында жол құрылысына қажетті материалдардың сапасы мен жетімсіздігі жайы да сөз болды. Отырысқа қатысушылар ала жаздай қаланың бірде бір көшесіне мардымды жұмыс жүргізілмегенін айтып, оның себебін де сұрады.

– Бірлі жарымды қысқа, тұйық көшелер болмаса жаз бойы жолдардың шаңы шығып жатты. Енді күз келді. Асфальттау жұмысы әлі басталған жоқ. Жауынды-шашынды күндері төселген асфальттың сапасы қандай болатынын өткен жылдар көрсетті. Бірақ одан еш қорытынды шығар емес, – дейді Раушан Қапарова.

– Тағы бір айта кететін өзекті мәселе, сумен, жылумен жабдықтау кәсіпорны су құбырын ауыстыру, кәріз жүйесін тазалау сынды жұмыстарды жүргізгеннен кейін қазған жерді сол қалпында қалдырып кете береді. Ал негізі жөндеуге дейін қандай болды, дәл солай дұрыстап, ретке келтіру керек. Біз депутаттық бақылау жасау барысында осы жағдаймен бетпе-бет келген жайлар болды, – дейді қалалық мәслихат төрағасы.

Отырыс барысында жол активі сапасы ұлттық орталығының РГП бөлімінің басшысы Рашид Казиев те өз пікірін білдіріпті. Қалалық мәслихаттың «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Р. Қазиев асфальттың сапасы төмен екенін мойындау керектігін айтады.

– Тас жолдың бір қыстан аман шықпай, жыл сайын жамау жұмыстарын жүргізу – сапасыз әрі арзан материал қолданғанның салдары, – дейді ол өз сөзінде.

Жол құрылысына қажетті материалдар жайлы қоғамдық кеңес төрағасы Абзалбек Молақов мына жайттарды қынжыла отырып баяндады.

– Жол құрылысының созылып кетуі қажетті материалдардың жетіспеуінен де болып отыр. Ең қарапайым деген қиыршық тас жоқ. Тас бар, оны өндіретін кәсіпорын да іргемізде. Бірақ, материалдың бағасы тым қымбат деп шағымданады мердігерлер. Бұл жайында «Самға» кәсіпорнымен келісім жасап жатқан қалалық әкімдіктегі сала мамандары тағы жоқ. Олай дейтінім, әлігі айтып отырған қиыршық тасты өндіретін өңіріміздегі бірден бір кәсіпорын осы – «Самға» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, – дейді қоғамдық кеңес төрағасы.

Жалпы, қоғамдық кеңестің отырысында жол мәселесі жан-жақты талқыланды. Тапсырыс беруші қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне жұмысты жүйелендіріп, күшейту бойынша тапсырма берілді. Сондай-ақ, техникалық бақылаудың жұмысы да сын көтермейтіні, ашық айтылды.

Айтпақшы, бұл мәселе облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен кеңейтілген аппарат жиынында да кеңінен сөз болды. Мердігерлер мен тапсырыс беруші һәм бақылаушы органдарға қадау-қадау міндеттер жүктелді. Нәтижесін уақыт көрсетеді.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

Бөлісу41Твитерге26
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру