Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Сапалы медициналық көмек – дертке дауа

16 маусым – Медицина қызметкері күні

14.06.2024
- Мерей
0
Сапалы медициналық көмек – дертке дауа
87
БӨЛІСТІ
243
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының тоқырауында «Самсунг» АҚ атауымен келген шетелдік компания қарапайым еңбек адамының денсаулығын нығайтуға баса көңіл аударды. Соның нәтижесінде Жезқазған аймағында «Самсунг» медициналық орталығының жұмысы жолға қойылды. Кейін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС нарыққа келгенде медициналық орталықтың қызмет көрсету ауқымын кеңейтіп, оған «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС деген атау берілді.

Қарағанды, Балқаш, Сәтбаев қалаларында филиалдарының шаруашылығы қолға алынды. Орталыққа қарасты Балқаш филиалының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы ақ желеңді абзал жандар жайында кәсіби мерекелері қарсаңында сөз еткенді жөн көрдік.

Мыс балқытқан өңірдегі филиалдың басты міндеті – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету. Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша әлеуметтік маңызды жұқпалы және таралу қаупі бар ауруларға, динамикалық мониторингке жататын созылмалы ауруларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының жолдамасымен мамандандырылған дәрігерлік амбулаториялар консультациялық-диагностикалық жәрдем береді.

Сонымен қатар емхана «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС қызметкерлерін міндетті мерзімдік медициналық тексерулерден жылына бір рет өткізеді. Арнайы құрылған дәрігерлер тобы Жамбыл облысының аумағындағы «Шатыркөл», «Жайсаң» кен орындары мен Қарқаралы маңындағы «Абыз», «Қосмұрын-Ақбастау», Балқаш маңындағы «Саяқ» кен орындары жұмысшыларының денсаулығын бақылап тұрады. Бұл міндет кәсіби тексеру бөлімінің құзырына жатады. Филиалда 8234 адам тіркелген. Оның 6072-сі ер адам болса, әйелдердің үлесі – 2162.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Емханада 5 жалпы тәжірибелі дәрігер, профпатолог, хирург, невропатолог, окулист, оториноларинголог, гинеколог, кардиолог, маммолог, психолог, рентгенолог, дәрігер-зертханашы, лаборант, сарапшы мамандықтары бойынша қызмет көрсетеді. Филиалда рентген, флюорография, УДЗ, күндізгі стационар, спирография, ЭКГ, аудиограмма, кольпоскопия, лабораториялық талдамалар, массаж, тегін дәрі-дәрмектермен қамту дәріханасының жұмысы жолға қойылған.

Емханаға медицина саласында 23 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан білікті дәрігер Дәурен Аманқұлов басшылық жасайды. Дәурен Бауыржанұлы «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС бастығының Балқаш аймағы бойынша медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Медициналық орталықтағы 6 жылында Дәурен Бауыржанұлы өзін іскер басшы, өз саласы бойынша тәжірибелі маман екендігін көрсете білді.

Дәурен Аманқұлов

Атап өту керек, биыл емхана толық жаңа кейіпке еніп, безендірілді. Жезқазғандағы медициналық орталықтың деңгейінде қайта жаңарған ғимарат келушілерге жақсы көңіл-күй сыйлап, олардың еңсесін көтереді. Эстетикалық талғамға сай жаңарған емхананың ақ желеңді абзал жандары әр келушіге сапалы медициналық қызмет көрсетуді басты міндеті деп санайды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Суретте: Емхана жетекшісі Дәурен Аманқұлов.
Емхананың жаңа келбеті

Бөлісу35Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру