Үш күн ішінде көлік салығын төлеу керек. Мемлекеттік кірістер департаменті осылай ескерту жасады. Ескертуді елемеген тұрғындардың көлігі тәркіленіп, есепшоты бұғатталады.
Ұлытау облысында 6 мыңнан астам адам борышкерлер тізімінде тұр.Тұрғындардың қордаланған қарызы 229 миллион теңгеден асқан. Бір ескеретін жайт сот орындаушылары көлік иесінен салыққа берешегімен бірге сол соманың 25 пайызы көлемінде қосымша ақы өндіріп алады. Сондықтан мамандар өсімпұлсыз уақытылы төлеуге кеңес береді.
Салық берешегін өндіру бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен Жезқазған қаласы Полиция басқармасының патрульдік тобы көлік жүргізушілері арасында рейд жүргізді.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.