Тау-кен кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі артатын жоғары өнімділік пен инвестициялық шығындарды қамтамасыз ету үшін тау-кен саласында сандық жүйе қажет.
Тау-кен кәсіпорындарында технологиялық басқарушылық шешімдер қабылдау үшін пайдаланылатын әртүрлі ақпараттың едәуір көлемін құрайтын күрделі тау-кен техникалық жүйелері іске қосылуда. Бұл ақпаратты ұтымды түрде өңдеу және пайдалану тек компьютерлік технологияларды қолдану арқылы жүзеге асады.
Кәсіпорындардың тау-кен жұмыстарын инженерлік қамтамасыз етудің компьютерлік технологиясына көшуі геологиялық, маркшейдерлік және техникалық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру үшін алғышарттар жасайды.
Тау-кен ісінде тау-кен геологиялық ақпараттық жүйелерді қолданудың орындылығы геологиялық барлау, жобалау, тау-кен қазу және өндіру жұмыстарын жүргізу кезінде туындайтын жалпы тау-кен өнеркәсібі кешенінің міндеттерін шешуге бірыңғай кешенді тәсілді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл бірыңғай ақпараттық тау-кен геологиялық кеңістікті құру және тау-кентехникалық мәселелерді шешуге бірыңғай кешенді көзқарасты қамтамасыз етудің басты артықшылығы десе де болады.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тау-кен кәсіпорындарында 2021 жылы тау-кен геологиялық ақпараттық жүйелерді толық ауқымды енгізу басталды. Сөйтіп «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарында тау-геологиялық ақпараттық жүйелерді енгізу бағдарламасы іске қосылды. Кеніштердің инженерлік құрамы заманауи жоғары өнімді есептеуіш техникалармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған. Геологиялық-маркшейдерлік және техника-
лық қызмет мамандары үшін жаңа жүйенің құралдарымен жұмыс істеу дағдылары бойынша базалық және тереңдетілген тренингтер тұрақты негізде жүргізіледі.
Тау-кен геологиялық ақпараттық жүйелер геологиялық, маркшейдерлік және басқа да өлшемдер нәтижесінде алынатын кеңістікке бағдарланған деректердің өңделуін жедел және дәл қамтамасыз етуге, сондай-ақ, тау-кен өндіру кәсіпорнының барлық деңгейлерінде басқару міндеттерін шешуде оларды кешенді пайдаланудың және шешімдер қабылдаудың тиімділігін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік беретін құралдардың мол мүмкіндігінұсынады.
Қазіргі уақытта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кеніштерінде геологиялық және маркшейдерлік пайдалануда сандық модельдерді өзектендіру бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде. Сонымен қатар, Жыланды кенішінің Шығыс Сары-Оба шахтасының №1 өндіру телімінде графикалық құжаттаманы (жоспарлар, қималар) қолмен (қағаз түрінде) жүргізуден, жоспарлы көрсеткіштер жиынтығынан автоматтандырылған ортада сандық модельге көшу қамтамасыз етілді.
Тау-кен-геологиялық ақпараттық жүйесін дамытуда белгілі бір нәтижелерге қолжеткізуге байланысты, атап айтқанда, Жыланды кенішінің Шығыс Сары-Оба шахтасы№ 1 телімінің сандық моделін жүргізуде белсенділік танытқан телім геологі Марина Козловская мен телім маркшейдері Даниель Янц Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 24 мамырында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бас инженері, бөлімб асшылары мен бас мамандардың қатысуымен сандық жүйені одан әрі дамыту мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген кеңес өтті.
Кеңейтілген кеңес барысында сандық жүйе бойынша сарапшы, сондай-ақ, техникалық бөлімнің, геологиялық және маркшейдерлік басқарманың басшылары баяндама жасады. Іс-шараға қатысушылар кеніштердің сандық жүйені тау-кен өндіру саласында дамытудың мәселелерін қарастырды, сондай-ақ оларды қолданудың практикалық аспектілері талқыланды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.