ҚР Парламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат науқаны 18 ақпанның кешінен басталып, қазірде қызу қарқыналуда. Жаңа Конституциялық заң талаптарына сәйкес өңірлік деңгейде де сайлау науқаны ерекше белсенділікпен өткелі отыр.
Биылғы Мәжіліс және мәслихат сайлауының ерекшелігі, бір мандат арқылымажоритарлықжүйеменсайлануға кез келген Қазақстан азаматы сәйкес талаптар бойынша сайлануға мүмкіндік алды. Мәжілістегі 98 депутаттың 29-ы 2004 жылдан бері алғаш реет бір мандатты округ бойынша сайланбақшы. Облыс пен республикалық мәні бар қалалардың мәслихаттарының депутаттары енді аралас сайлау жүйесі бойынша сайланатын болды. Мәжіліс деңгейінде 30 пайыз, облысдеңгейінде 50, ал аудан, қалаб ойынша 100 пайыз мажоритарлық жүйемен сайлана алады.
Қазірде 7 партия 69 мандат үшін тартысқа түсіп, үгіт-насихат науқанын жүргізуге кірісті. Орталық Сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінес айлауға қатысуға ұсынылған барлық 7 саяси партияның партиялық тізімдерін тіркеді. «Қазақстан Халық партиясы» – 52, «Ақжол» партиясы – 54, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» – 19, «Байтақ» жасылдар партиясы – 18, «Ауыл» партиясы – 25, «Amanat» партиясы – 90, «Respublica» партиясы 23 үміткерін тізімге қосып отыр. Әр партия өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынуда. Бұл сайлауда саяси партиялар үшін Мәжіліске өту межесі 7 пайыздан 5 пайызғатөмендетілді. Бүгінгікүнімаңыздысаясинауқанға қатысты жұмыстар мен ұйымдастырушыралары облысымыздың аумағында да кеңіненжүргізілуде.Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясында болғанымызда оған көз жеткізе түстік.
– Облысымызда 134 сайлау учаскелері бар. 6 аумақтық сайлау комиссиясы, 72 округтік сайлау комиссиясы құрылған. Округтік сайлау комиссиясының біреуінде Парламент Мәжілісінің депутаттары, 13 округті ксайлау комиссиясында облыстық мәслихатқа депутаттар, 36 округтік сайлау комиссиялары арқылы қалалық мәслихаттардың депутаттары, 22 округтік сайлау комиссиясында аудандық мәслихаттар депутаттары сайланады. Осы бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша облыстық мәслихатқа 41 кандидат, қалалық мәслихаттарға 100 кандидат, аудандық мәслихаттарға 47 кандидат тіркеліп отыр. Орташа алғанда бір мандатқа 3 адамнан келеді. Ең үлкен бәсекелестік №6 округте болайын деп тұр, онда 5 үміткер тіркелген. Тіркелген кандидаттардың 134-і ер, 54-і әйел адамдар. Бір мандатты округ бойынша Парламент Мәжілісіне 8 кандидат тіркеліп, сайлау алдындағы додаға қатысуда. Барлық іс-шаралар Сайлау туралы Конституциялық заңға және күнтізбелік жоспарға сәйкес өтуде, – дейді облыстың аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Құсайын Жанаев.
Өткен жылғы жалпыхалықтық референдумнан кейін Мәжіліс сайлауын өткізу тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізілгені белгілі. Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді. Осыған дейін саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана сайлауға түсуге рұқсат етілсе, азаматтар енді алғаш реет өзін-өзі ұсына алатын болды. Мәжіліс бұрын 107 депутаттан тұрса, биылдан бастап Қазақстанхалқы ассамблеясына тиесілі 9 мандат болмайды. Алғаш реет Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген баған енгізілді. Бұл азаматтардың тізімдегі кандидаттарға немесе партияларға келіспейтін көзқарасын білдіруге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, кезектен тыс Парламент сайлауы Әділетті Қазақстан құру бағытындағы қоғамымызды одан әрі демократияландыруға, сондай-ақ, саяси партиялардың жаңа жүйесін қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді.
Амандық РАХҰЛЫ.