Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Парасат пен пайым

 Руханияттың кәусар бұлағы

11.08.2023
- Парасат пен пайым
0
 Руханияттың кәусар бұлағы
77
БӨЛІСТІ
213
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кеше ел болып Қазақ руханиятының көгіндегі Күн – хакім Абай күнін атап өттік.  Бұл күн әрбір қазақ үшін Абайдың жүрегіне бойлайтын – ұлттық болмысымыз бен рухымызды шама-шарқымызша барынша зерделеуге тырысатын күн.

Немістер Гетесімен, орыстар Пушкинімен мақтанады. Ал біз халқымызды өркениеттің өріне қарай жетелеген қалың елдің Абайымен мақтана аламыз. Абай – адамзаттың Абайы. Оның терең пәлсапасы, мазмұнды һәм мағыналы қара сөздері, надан болмай, адам болуға шақыратын мәңгілік шығармалары, рухани мол мұрасы, классикалық әндері күллі адамзатқа ортақ.

Абай ешкімге ұқсамайтын болмысымен, асқан дарынымен әлемдік дәрежедегі дара тұлға болып қала бермек. Ол қазақтың қасиетті топырағы тудырған әлемнің перзенті. Өйткені, ақынның дүниетанымы, озық ойлары, салмақты сөздері, өзектілігін жоймайтын пәлсапасы қай жерде, қай ортада, қай елде болмасын өтімді әрі маңызды. Оның адамзатқа ауадай қажет туындылары ешқашан өлмейді. Керісінше, зерделеніп, зерттеле береді.

Мына қызылды-жасылды дүние есігін ашып, рухани құндылыққа ұмтылғысы келген әрбір адам Абайдың шығармаларымен етене танысу керек. Өйткені, Абайды оқыған сайын жаңарып, тазара бересің. Тереңіне бойлаған сайын ойлана түсесің. Абайдың ойы, ақынның толғанысы, данышпанның қайғысы – бүтіндей тіршіліктің үні, тұтас қоғамның сөзі.

Сондай-ақ оқыңыз

Сәтбаевтың үшбұрышы

Сәтбаевтың үшбұрышы

07.04.2023
Өмір және өнеге

Өмір және өнеге

22.07.2022

«Абай – надандықтың құлпы, адамдықтың кілті», дейді ел зиялылары. Риясыз айтылған сөз. Абай мектебі – руханияттың кәусар бұлағы! Оның  тағлымын  таныған кісі кемел келешекке бет бұратыны ақиқат.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу31Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

01.07.2025
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру