Қуыршақпен ойнап өскен кішкентайлардың театрға келіп, қуыршақтың сөйлейтініне, қимылына таңқалары сөзсіз. Өйткені, олар қуыршақты «жаны жоқ ойыншық» деп біледі. Сүйікті қуыршағы сөйлесе, бала қиялын ұштай түспей ме?
«Қуыршақ» труппасының театр сахнасындағы тың қадамдары көптің көңілінен шығуда. Жезқазғанның кішкентай тұрғындарын түрлі туындыларымен қуантып жүрген өнер ұжымы бұл жолы 40-маусымды қуыршақ труппасына еңбегі сіңген мәдениет саласының үздігі, режиссер Жасұлан Түсіпбеков қойған «Өжет дәрумендер» атты ертегімен ашты. Авторы – труппа әртісі, мәдениет саласының үздігі Ирина Федосенко. Қойылымның мазмұны да, форматы да өзгеше. Оның маңыздылығы сонда, қазір балалар дұрыс тамақтанбайды, салауатты өмір салтын ұстанбайды. Газды, тәтті сусындарды көптеп тұтынады. Сол дұрыс тамақтанбаудың арты қандай жағдайға әкеліп соғатыны балалар тілімен түсіндіріледі. Автор балаларға жеміс-жидек пен көкөністің зор пайдасы бар екенін пьеса арқылы жеткізсе, режиссер оны қызықтыра түсіп, бүлдіршіндерге тарту еткен. Айта кету керек, осы маусымда кішкентай көрермендер назарына «Буратино», «Гадкий утенок» ұсынылатын болады. Одан бөлек, 2025 жылы жаңа қойылымдармен толығады. 20 қазанда Алматы қаласында өтетін Халықаралық
қуыршақ театры фестивалінде «Арманшылдар» қойылымымен бақ сы-
найтын болады.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.