«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ-не қарасты құрылыс-монтаждау басқармасы өңірдегі өндірістік нысандардың құрылысын сапалы жүзеге асырып отырған бірден-бір мекеме. Тамыздың екінші жексенбісінде атап өтілетін Құрылысшылар күнін басқарма құрылысшылары көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуда. «Сапалы жұмыс – табыстың кепілі!» деген ұранды ту еткен ұжымның ынтымағы жарасқан.
Суретте: солдан-оңға қарай бетоншы Мереке Үсембаев, сылақшы Гүлмира Жаманбаева, шебер Татьяна Васина, аға шебер Әбу Сәбитов, сылақшы Валентина Финкель, монтажшы Қаржаубай Жақыпов.