Өңірдің өркендеуінде құрыш қолды құрылысшылардың да қолтаңбасы айрықша мен мұндалап көрінеді.
Атауы қанша өзгергенмен негізгі міндетінен айнымаған Құрылыс-монтаждау басқармасы өзі құрылған сәттен бері аймағымызда қаншама өндіріс нысандары мен түрлі маңыздағы ғимараттарды тұрғызды десеңізші. Басқарма ұжымы тамыздың екінші жексенбісінде аталып өтетін кәсіби мерекелерін бұл жолы да көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуда.