Қарағанды облысының аумағындағы кен көздерін игеру 2000 жылдардың бас кезінде басталды. «Қазақмыс» компаниясының инвестиция тартуы нәтижесінде мұнда «Нұрқазған» кеніші мен фабрикасы бой көтерді. Бүгінде қос өндіріс ошағы кен өндіріп, байытуда межелі жоспарды жүзеге асырып келеді. «Нұрқазған» байыту фабрикасының кен байытудағы көрсеткіші мұндағы жүздеген еңбек адамы мен цехтардағы үздіксіз жұмыстың нәтижесінде жүзеге асуда. Фабрикадағы қалдық қойма шаруашылығы цехы өндіріс көлемінің ұлғаюына барынша үлес қосуда.
Суретте: (солдан-оңға қарай) телім электригі Арман НАЗАРОВ, слесарь жөндеуші Жанболат ӘЛІМҚҰЛОВ, ауысым шебері Қайрат ЫСҚАҚОВ, электрмонтер Шырынбек ҚАЛДАНОВ, аға шебер Талғат ӨТЕМБАЕВ, электрмонтер Дарын МЫРЗАХАН, сорғы құрылғысының машинисі Қайырбек ҚАРЫБАЕВ.