Ұлытау облыстық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне шығарылған мәселелердің дені әлеуметтік және коммуналдық салаға қатысты болды.
Қоғам белсенділері аталған салаға жауапты басқарма басшыларына облыс аумағында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар бойынша сауалдарын қойды. Әсіресе, жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру, мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан түрлі бағдарламаларға жас кәсіпкерлердің көптеп тартылуы сынды мәселелер кеңінен қаралды.
– Бізде жастарды жұмыспен қамту бойынша 3 бағдарлама жұмыс істейді.Жастар практикасы: биыл оған 254 млн 610 мың теңге қарастырылған. Осы жоба арқылы 205 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұржан Орынбаев.
Сонымен қатар, облыс орталығындағы стратегиялық маңызды нысандардың жай-күйі мен құрылысы толықтай аяқталмаған ғимараттар да назардан тыс қалмады. Қоғамдық кеңесм үшелері айтылып жатқан сындардан қортынды шығармайынша, қадағалау күшейтіле беретінін ескертті.
– Расында, көптеген қаншама мәселелер көтеріліп отыр, бірақ әлі бірін орындай алмай тұрмыз. Алға жылжу жоқ. Қоғам тарапынан, әрине, қадағалау күшеймек. Қай саланы алсақ та, біздің мониторинг топтарымыз бар. Мамандарымыз бар, – деді жиында облыстық қоғамдық кеңестің мүшесіАяна Мукеева.
Жиында көтерілген мәселелердің шешімін басқарма басшылары қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе қарастырмақ.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.