Сенбі, 7 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі

06.06.2025
- Жаңалықтар
0
Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі

Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан ЖАЙЛАУБАЕВ

66
БӨЛІСТІ
183
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қоғамның дамуы, тұрақтылығы мен татулығы – кез келген аймақтың келешегін айқындайтын басты фактор. Осы бағыттағы саясаттың жүйелі жүзеге асуына жауапты орган – қоғамдық даму басқармасы. Біз осы және өзге де өзекті мәселелер жөнінде Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаевпен сұхбаттасқан едік.

– Бақытжан Өміртайұлы, ең алдымен басқарма қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып өтсеңіз.

– Қоғамдық даму басқармасының негізгі міндеті – өңірдегі азаматтық қоғам институттарын қолдау, қоғамдық келісімді нығайту, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру және жастар саясатын үйлестіру. Біз облыстағы қоғамдық кеңестермен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени бірлестіктермен тығыз жұмыс істейміз. Сонымен қатар, әлеуметтік зерттеулер мен қоғамдық пікірді зерделеу арқылы түрлі шешімдер қабылдануына негіз боламыз.

– Қандай маңызды жобалар жүзеге асты?

– Қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жоспарына сәйкес, бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асты. Әсіресе,  жастарды әлеуметтік тұрғыда қолдау мақсатында «Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасы өзінің өміршеңдігін көрсетті. Қазірде жоба жалғасуда. Бағдарлама 35 жасқа дейінгі
облыс жастарына неғұрлым тиімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға көмектеседі. Ол үшін Ұлытау облысының әкімдігі «Отбасы банк» АҚ бірлесе отырып қол жетімді қарыздар беру үшін 1 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлді.

Сондай-ақ оқыңыз

Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025

– Бұл жобаға жастардың қандай санаттары қатыса алады?

– Жеңілдетілген несиелендіруге үміткерлер пулына бағдарламаның талаптарына сай келетіндер және бекітілген критерийлер бойынша көп балл жинағандар өтеді. Ол критерийлер санына некедегі жылдар саны, балалардың болуы, жұмыс өтілі және т. б. әсер етеді. Ең көп балл жинағандар қатысушылардың төлем қабілеттілігін «Отбасы банк» АҚ айқындайды.

Аталған бағдарламаға Ұлытау облысында орналасқан келесі қызмет салалары қатыса алады: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, БАҚ, ЖОО, әлеуметтік сала, «Қазпошта», мемлекеттік қызметшілер, Ұлытау облысының елді мекендерін электрмен, сумен, жылумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне қызмет жасайтын мамандандырылған қызметкерлер, ауыл шаруашылығы және ветеринария қызметкерлері қатысады. Бірақ олар техникалық және әкімшілік персонал болмауы керек. Сондай-ақ, қызмет саласына қарамастан, Ұлытау облысында жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар санатында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған отыз бес жасқа дейінгі азаматтар несиелеуге қатыса алады.

– Қатысушыларға қойылатын нақты талаптар қандай?

– «Ulytau zhastary» бағдарламасы қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • Қатысушының Ұлытау облысында тұрақты тіркеуде болуы;
  • Қатысушының жасы өтініш берген уақытта 35 жастан (қоса алғанда) аспауы керек, жұбайының (зайыбының) жасы ескерілмейді (болған жағдайда);
  • Өтініш берушіде және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінде ҚР аумағы бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің және соңғы 5 жыл ішінде иеліктен шығару фактісі (лер) болмауы;
  • Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  • Қатысушының Ұлытау облысында ресми жұмыс өтілі өтініш беру кезінде кемінде соңғы бір жыл үздіксіз болуы тиіс, оны зейнетақы шотынан алынатын үзінді көшірмесімен растау қажет;
  • Кепілзаттық қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде банктің немесе банктегі тұрғын-үй құрылыс жинақтары талаптарына сәйкес келетін жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепілдің болуы.

Бағдарлама қатысушыларына жылдық несие мөлшерлемесі 6 %-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10 % болуы керек.

– Жастар жайлы әңгіме бастадық қой. Облыста жастармен жұмыс қандай деңгейде жүргізілуде?

– Жастар – еліміздің болашағы. Біздің мақсат – оларды белсенді азамат ретінде қалыптастыру. Жастар ресурстық орталықтары жүйелі жұмыс істейді. Түрлі форумдар, дебаттар, көшбасшылық курстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, NEET санатындағы жастармен жеке жұмыс жүргізілуде. Жұмыспен қамту, кәсіптік бағдар, әлеуметтік қолдау шаралары күн тәртібінен түспейді.

Осы орайда ерекше атап өтетін бір нәрсе жастарды еңбекке баулу. Осы орайда өңірімізде «Жасыл ел» жобасы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл үрдіс биыл да өз жалғасын тапты. Облыстың барлық өңірлерінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылуда. Жобаның жұмысы арнайы бекітілген техникалық ерекшеліктерге сәйкес ұйымдастырылып жатыр. Бүгінде облыстың барлық өңірлерінде өнім берушілермен келісімшарттар жасалып, жоспарға сай жұмыстар басталды. «Жасыл ел – 2025» еңбек маусымына Ұлытау облысы бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы 700-дей жас тартылмақ.

– «Жасыл ел» жасағына кімдер кіре алады?

– Бағдарлама аясында әлеуметтік жағынан осал топтағы жастарға басымдық беріледі. Бүгінгі күні Жезқазған қаласынан – 150 жас, Сәтбаев қаласынан – 150 жас, Қаражал қаласынан – 165 жас, Ұлытау ауданынан – 150 жас, Жаңаарқа ауданынан – 70 жас қатысады деп жоспарлануда. Осы жастарға біріңғай фирмалық киім (спорттық күрте, шалбар, футболка, бейсболка және рюкзак) тігуге Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы тарапынан арнайы қаржы бөлінді.

– «Жасыл ел» жасағы қандай жұмыстармен айналысады және оларға жалақы төлеу мөлшері қандай?

– Бағдарламаға қатысушы жастар қала мен аудандарда көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына атсалысады. Сонымен қатар түрлі тақырыптық іс-шаралар мен экологиялық акцияларға белсенді қатысатын болады.

Жасақ құрамындағы жұмысшылардың жалақысы шамамен 85 000 – 95 000 теңге көлемінде белгіленген. Жұмыс күні жастарына қарай мынадай тәртіпте жүргізіледі: 14-16 жас аралығы – 4 сағат, 16-18 жас аралығы – 6 сағат, 18 жастан жоғары – 8 сағат.

Үзіліс уақыты – сағат 13:00-тен 14:30-ға дейін, ал сенбі мен жексенбі – демалыс күндері болып бекітілген.

– Президент Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда заң мен тәртіп мәдениетіне ерекше тоқталды. Бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде?

– Мемлекет басшысы заң мен тәртіпке бағыну – мемлекеттің негізі екенін атап өтті. Осы бағытта біз құқық қорғау органдарымен бірлесіп, құқықтық мәдениетті арттыруға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейттік. Мектептерде, ЖОО-да, ауыл-аймақтарда «Заң – қоғам тірегі», «Адал азамат» секілді жобалар қолға алынды. Бұл – тек науқандық шара емес, жүйелі үрдіске айналуы тиіс.

– Мемлекеттік бағдарламалар мен Президент бастамаларын түсіндіру бағытындағы жұмыстар туралы айтып өтсеңіз.

– Біз ақпараттық топтар арқылы ауыл-аймақтарды аралап, халыққа Президент Жолдауы, ұлттық жобалар, Конституциялық реформалар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Басты мақсат – халық пен билік арасындағы ашық диалогты қалыптастыру. Қарапайым тұрғынның өз ойын еркін айтуына, ұсыныс білдіруіне мүмкіндік жасау.

– Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс қалай жүріп жатыр?

– Бүгінгі күні облыста 200-ге жуық ҮЕҰ тіркелсе, соның 50-ге жуығы белсенді түрде жұмыс істейді. Біз олардың әлеуетін қоғам үшін пайдалы бағытта тиімді пайдалануға тырысамыз. Жыл сайын «Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі» өткізіліп, ең үздік жобалар мемлекеттік грантпен қолдауға ие болады. Қоғамдық кеңестердің жұмысы да жанданып келеді. Олар жергілікті билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналуы тиіс.

– Жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық сессиясы өтті. Іс-шара жайында кеңірек айтып өтсеңіз.

– Иә, өткен аптада өңірімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған III облыстық сессиясы өтті. «30 жыл бірлік пен келісім жолында» ұранымен өткен бұл іс шараға біздің басқарма ұйытқы болды. Сессияны облыс әкімі Дастан Рыспеков ашып, ҚХА-ның елдегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы рөліне тоқталып, сессия күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігін атап өтті.

– Сессияда қандай мәселелер көтерілді?

– Сессия барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен мемлекеттік орган басшылары өз баяндамаларын жасап, ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтар болсақ, облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейітов, кеңестің жүргізіп отырған жұмысы туралы баяндаса, Қазақстан татар және башқұрттарының дүниежүзілік конгресі республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрайымы Зульфия Гилемханова ҚХА аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып, этномәдени бастамаларға қолдау көрсету қажеттігін атап өтті. Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Қапарова Ұлытау облысында «Достық үйін» ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

– Алдағы жоспарлар қандай?

– Ең басты мақсатымыз – қоғамдық келісімді сақтау, азаматтық қоғам институттарын дамыту. Жаңа форматтағы қоғамдық қабылдаулар, пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, өңірдегі идеологиялық бірлік пен ақпараттық қауіпсіздік бағытындағы жұмыстар жалғаса береді. Көп балалы аналар, зейнеткерлер, жастар, мүгедектігі бар азаматтар – бәрі біздің назарымызда.

– Сұхбатыңызға рақмет.

Сұхбаттасқан Ізтай Белгібайұлы.

Бөлісу26Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру