Сейсенбі, 17 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс»

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
- «Қазақмыс», Жаңалықтар
0
Сапалы өнім өндіруде

Суретте: тігіншілер (солдан оңға қарай) Татьяна Гайнулина, Назира Молдабекова, Айгүл Садуақасова, Сәуле Сақалова және Мәкен Жұмаділдинова.

67
БӨЛІСТІ
186
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Елімізде маусым айының екінші жексенбісінде жеңіл өнеркәсіп саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби төл мерекелерін атап өтеді. Тігін және тоқыма өнеркәсібін заманауи технологиялар арқылы жетілдіріп отырған «Ютария LTD» ЖШС кәсіпорнының тігіншілер қауымы бұл мерекеге сапалы өнім өндіру көрсеткішімен жетіп отыр.

Сары мыстың алыбы саналатын «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өндіріс ошақтарындағы жұмысшыларға және бірнеше мекемелерге тапсырыстық негізде арнайы киім тігетін кәсіпорынның бүгінгі қадамы нық. Кәсіпорынның тігу цехына жаңадан тігін машинасы орнатылып, өнім сапасы арта түсуде.

«Ютария LTD» ЖШС кәсіпорны еліміздегі тігін және тоқыма өнімдерін сапалы өндіруші құрылым. Оның сапа деңгейі халықаралық стандарттарға негізделген. Сондықтан бұл кәсіпорын жеңіл өнеркәсіп саласында үнемі көш басында келеді.

Астана, Қарағанды, Жезқазған аймақтарындағы филиалдарында тапсырыс толассыз. Жезқазғандағы филиалдың цехына келіп түсетін тапсырыстарды уақытылы орындауда тігін цехының жұмысында тоқтау жоқ. 110 адамнан құралған ұжымдағы қыз-келіншектердің қолынан шыққан әр үлгідегі киімдер, тоқыма өнімдері көздің жауын алады.

Тігін және тоқыма өнімдерін сапалы әрі стандартқа сай тігу мақсатында М10 тігу жабдығы сатып алыныпты. Бұл тігін және тоқыма өнеркәсібінде тоқыма материалдарын жоғары дәлдікпен кесуге арналған автоматтандырылған жабдықтың бір түрі. Оның артықшылығы сол тігін үдерісінде жоғарғы дәлдікті, өнімділікті, маталардың әртүрлілігіне қарай тігу жүйесі қамтылған. Сонымен қатар, көп қабатты тігістерді де сапалы тігуге қол жеткізеді.

Сондай-ақ оқыңыз

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025

«Ютария LTD» ЖШС Бас директорының орынбасары Тұрсынай Ибадатованың айтуынша, бұл тігін құралы жұмыс күшін азайтып, жаңа заманауи технологиялармен әр үлгіде киім тігуге ыңғайлы. Сапалы өнім өндіріп отырған кәсіпорынның алдағы жоспарларында тігін жүйесін заманауи жүйелерге негіздеу жолға қойылған. Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің мерекесіне осындай табыспен жетіп отырған «Ютария LTD» ЖШС-нің бағындырар белесі әлі алда екеніне күмән жоқ.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру