2023 жылдың 25 желтоқсанында Жезқазған қаласының № 3 жалпы білім беретін мектебі ARQA тәуелсіз аккредиттеу агенттігінің Аккредиттеу Кеңесінің шешімімен бес жыл мерзімге толық аккредиттеуден өтті. Бұл – халықаралық стандарттар бойынша аккредиттелген мектеп мәртебесін алған Қазақстанның екінші мемлекеттік мектебі.
Мектепті институционалдық аккредиттеу – бұл ARQA стандарттарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және тану үдерісі, олар өз кезегінде халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Аккредитация алмас бұрын үлкен жұмыстар атқарылды. Біріншіден, аккредиттеу алдындағы іс-шаралар шеңберінде агенттіктің стандарттары мен критерийлеріне сәйкес оқыту шарттарын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жандарды, сондай-ақ педагогтердің еңбек жағдайларын жақсарту үшін мектепке жөндеу жүргізілді, бұл іс жүзінде мектепте қайта құру мен жөндеу, қосымша жабдықтау жұмыстарының жүргізілгенін білдіреді. Аккредиттеу талаптары мектептердің білім беру ортасының параметрлері мемлекет қамтамасыз ететіндерден жоғары болуы керек.
№ 3 мектепте жөндеу жұмыстары кезінде жоғары жылдамдықты интернет орнатылды, ғимаратта сырлау жұмыстары жүргізілді, шатыр жөнделді, мектептің кейбір кабинеттерінде және басқа да аумақтарына жаңа жиһаздар алынып, кей жерлерде ескі жиһаздар жаңартылды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтергіш орнатылды және нашар көретін оқушылар үшін тактильді плиткалар төселді. Сонымен қатар, мектеп стадионы қайта қалпына келтірілді: work-out алаңы орнатылды, жаңа жүгіру жолы салынды, волейбол мен баскетбол ойнауға арналған әмбебап алаң жабдықталды. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС көмек берді.
«Қазақмыс» корпорациясы сапалы білім беру ортасын құруды қатысу қалаларында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту саласындағы өзінің басым міндеттерінің бірі деп санайды. Мұнда олар балалар білім ала алатын жақсы, сапалы мектептер қазақстандық моноқалалардың табысы мен дамуының кепілі екеніне сенімді.
Екіншіден, 2023 жылдың 10 сәуірінде № 3 мектеп, «The ULYTAU Educational Foundation» қайырымдылық қоры және Коммерциялық емес ұйым арасында үшжақты келісімге қол қойылды. Орта білім беру ұйымдары үшін стандарттар бойынша институционалдық аккредиттеу жүргізу жөніндегі қызметтерге «ARQA» білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі Тәуелсіз агенттігі, The ULYTAU Educational Foundation» қорының атынан қатысқан аккредиттеу саласындағы сарапшы Айгүл Баекешева және № 3 мектеп ұжымы сапаны қамтамасыз етудің ішкі үдерістерін, мектеп құжаттамасын және мектеп кадрларын даярлауды стандарттармен талап етілетін деңгейге жеткізу бойынша қажырлы жұмыс жүргізді.
Қордың атынан қатысқан аккредиттеу саласындағы сарапшы Айгүл Баекешева және №3 мектеп ұжымы сапаны қамтамасыз етудің ішкі процестерін, мектеп құжаттамасын және мектеп кадрларын даярлауды стандарттармен талап етілетін деңгейге жеткізу бойынша орасан зор және қажырлы жұмыс жүргізді.
– «Қазақмыс» корпорациясының аумағында мектептегі білім берудің сапалы трансформациясы – бұл «The Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қоры іске асыратын «Ustaz Ulytau» жобасының басты міндеті», – дейді қор директоры Марина Хан. – Ал аккредиттеу тетігі бұл өзгерістерді көрнекі етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда елімізде білім беру сапасын бағалаудың тұтас көп деңгейлі ұлттық жүйесі қалыптасты. Аккредиттеу агенттіктерінің тізіміне өз стандарттары негізінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына тәуелсіз қоғамдық-кәсіби бағалау жүргізуге құқығы бар төрт қазақстандық және Еуропа мен АҚШ-тан алты шетелдік агенттік кіреді. Осы стандарттар мен ұсыныстардың жүйелілігі мен сабақ-
тастығы сапаға сыртқы кепілдік беру рәсімдері білім беру ұйымының сапасын ішкі қамтамасыз ету процестерінің тиімділігін ескеретіндігімен анықталады.
Аккредиттеу стандарттарына сәйкес мектеп қызметін қайта құру білім беру сапасын, мектепті басқару сапасын және педагогтің кәсіби дамуын арттыру динамикасын көруге және мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Аккредиттелген мектептерде халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін көбірек мүмкіндіктер бар.
«The Ulytau Educational Foundation» қорының қолдауымен «ARQA» тәуелсіз агенттігінің аккредитациясынан өткен алғашқы мемлекеттік мектеп Балқаш қаласындағы А. Ермеков атындағы мектеп-лицей болды. Бұл 2022 жылдың 29 желтоқсанында жүзеге асты.
Аккредиттеу сәтінен бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңде оқу орны айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Олардың ішінде: мектепте ЮНЕСКО клубын құру; Президенттік олимпиадада 11-сынып оқушысының жүлделі орыны; оқушылардың жеткен жетістіктері үшін қала әкімінің сыйлығын алуы; мектеп оқушысының каратэден әлем чемпионы атағын жеңіп алуы; жүгіру марафонында 1-орын үшін әкімнің сыйлығын алу; «Ustaz Ulytau» қорының Clil Master жобасы аясында информатика пәні мұғалімінің ағылшын тілінен үздік сабағы үшін жеңісі; Қордың қолдауымен мектепте балалар алғашқы ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастаған смарт жылыжайды орнату; мектеп жанынан Жас патриоттар академиясының филиалын ашу; «Ustaz Ulytau» қорының жобасы аясында мектеп оқушысының 2 аптаға Ұлыбританияға саяхаттауы; мектепте Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу және т.б.
«Қазақмыс» корпорациясы бар өңірдегі мектептерді тәуелсіз аккредиттеу рәсімінен өту бойынша жұмыс жалғасуда. Осылайша, қазіргі таңда Сәтбаев қаласындағы С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында институционалдық аккредиттеу рәсімдері аясында өзін-өзі бағалау есебін жазу жұмыстары жүргізілуде.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.