Жексенбі, 16 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

«Қазақмыстың» цифрлық шешімдерімен танысты

22.08.2025
- «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік, Жаңалықтың астары, Кәсіподақ тынысы, Мереке айшықтары
0
«Қазақмыстың» цифрлық шешімдерімен танысты
77
БӨЛІСТІ
213
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун жұмыс сапары барысында «Қазақмыс» Тобының өндірістік алаңдарын аралады. Ол кенішке, байыту фабрикасына және мыс қорыту заводына енгізілген заманауи цифрлық шешімдермен танысты.

Бүгінде Топ кәсіпорындары өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін отандық заманауи IT-құралдарды белсенді қолдануда. Олардың қатарында жер асты радиобайланыс жүйесі, персонал мен техниканың орналасқан жерін анықтау, тау-кен жұмысын жоспарлау, жабдықты бақылау және апатты хабарлау жүйелері бар.

Алғаш рет 2018 жылы «Батыс» кеніші құрамындағы 67-шахтаға енгізілген DMMS (Digital Monitoring and Management System) жүйесіне ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда бұл технология 13 жер асты нысанында қолданылады. 2025 жылы жаңа жүйені тағы төрт нысанға енгізу жоспарланып отыр.

Сапар барысында тараптар қолданыстағы шешімдерді дамыту, отандық IT-компаниялардың цифрлық құралдар тізімін кеңейту және жасанды интеллектті енгізу мүмкіндігін талқылады.

Цифрландыру министрлігі өкілінің жұмыс сапары мемлекет, өнеркәсіп және IT-сектор арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған нақты қадам болды.

Айта кетерлігі, барлық цифрлық шешімдер ең алдымен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Компания автоматтандырылған медициналық тексеру жүйесін, жабдыққа предиктивті қызмет көрсету тәсілін, сонымен қатар адам факторының тәуекелін төмендететін және өндірістің тоқтап қалуын азайтатын технологияларды қолданады.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
PR департаменті.

Таңбалар: «Қазақмыс»БалқашҚасым-Жомарт ТоқаевНұр-СұлтанНұрсұлтан НазарбаевСәтбаев
Бөлісу31Твитерге19

Көп қаралған

  • Сала ардагеріне құрмет

    Сала ардагеріне құрмет

    91 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23
  • Бір аптаға ұласқан дүбірлі той

    96 бөлісті
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Облысқа қолдау – қомақты

    85 бөлісті
    Бөлісу 34 Твитерге 21
  • Эльмираның бренд шапандары шетелдерге де танымал болды

    149 бөлісті
    Бөлісу 60 Твитерге 37
  • Рухты шыңдаған «Қайсар»

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру