«Қазақмыс» өндіріспен қатар әлеуметтік маңызды салаларды да қатар қамтып отырған еліміздегі әлеуетті компания екені белгілі. Осы бағытта компания өздерінің өндіріс алаңы шоғырланған аймақтағы азаматтардың түйткілді мәселелерін шешуге ықпал жасап келеді.
Соның жарқын көрінісі Жезқазған өңірінде орын алды. Көпқабатты үйдің бесінші қабатында тұратын мүмкіндігі шектелген екі азаматқа «Қазақмыс» жақында бірінші қабаттан үй алып беруге жәрдемдесті.
Арқа ауруы салдарынан мүгедектер арбасына таңылған Ғадыл Қапашев енді көшеге жиі шыға алатын болды. Ғадыл Құдайбергенұлы – көпбалалы әке. Бесінші қабаттан далаға шығуға мүмкіндігі болмай жүрген азаматқа компания бірінші қабаттан 3 бөлмелі пәтер сатып алды. 52 жастағы Ғадыл Қапашевке жаңа тұрғын үйдің кілтін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бас директоры Олег Копытов табыс етті.
Сол күні бірінші қабаттағы пәтердің кілтін 55 жастағы Болат Ғазизов та алды. Ол егде жастағы анасымен бірге тұрады және омыртқаның бірнеше жерден сынуына байланысты қозғалысы шектеулі. Корпорация бесінші қабаттағы пәтердің орнына Дулат Қыдырмаұлына бірінші қабаттан үйіне тең бағада баспана берді.
Екі пәтер де жөнделіп, жиһазбен жабдықталған. «Қазақмыс» аталған жандарға жаңа тұрғын үйге көшу кезінде де көмек көрсетті.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.