Жұма, 9 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс»

«Қазақмыс» Қазақстандағы ең терең шахта оқпанының құрылысын бастады

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС соңғы жылдардағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірін іске асыруға кірісті. Компания Қарағанды облысындағы «Нұрқазған» кен орнының Шығыс учаскесінде «Ауа жеткізуші-клет-2» шахта оқпанының құрылысын бастады. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 32,5 млрд теңгеден асады.

06.08.2026
- «Қазақмыс», Жаңалықтар
0
«Казахмыс» начал строительство самого глубокого шахтного ствола Казахстана
69
БӨЛІСТІ
191
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жаңа шахта оқпаны кен орнының Шығыс учаскесін дамытудың негізгі элементіне айналып, «Нұрқазған» кенішінің жаңа даму кезеңіне жол ашады. Оның құрылысы кен қорларын одан әрі игеруге, өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және кәсіпорынның алдағы ондаған жылдардағы тұрақты жұмысына арналған заманауи инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқпанның жобалық тереңдігі 1283,9 метрді құрайды. Бұл оны Қазақстандағы ең терең шахта оқпанына айналдырады. Құрылыстың басталуына арналған салтанатты рәсімге «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков, Басқарма төрағасының орынбасары – тау-кен өндірісі және байыту жөніндегі бас операциялық директор Мұқан Үңгітбаев, «Qaragayly Tau-ken ondirisi» филиалының бас директоры Саят Бәкіров, мердігер ұйымның өкілдері мен еңбек ұжымы қатысты. Құрылыс жұмыстарының ресми басталуы іске қосу батырмасын символикалық түрде басу рәсімімен белгіленді.

«Бүгін біз «Нұрқазған» кенішінің алдағы бірнеше онжылдықтағы дамуын айқындайтын жобаны бастағалы тұрмыз. Бұл – адамдардың қауіпсіздігіне, өндірісті дамытуға және компанияның шикізаттық базасын нығайтуға бағытталған инвестиция. Жаңа шахта оқпаны кен орнының Шығыс учаскесін игеруге, кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және оның одан әрі дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді», – деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Жаңа шахта оқпаны жерасты қазбасын таза ауамен қамтамасыз етуге, жұмыскерлер мен жабдықты қауіпсіз жеткізуге, сондай-ақ кен орнының Шығыс учаскесінде жаңа кен қорын ашуға мүмкіндік береді. Құрылыс барысында 65 мың текше метрден астам тау жынысын қазып шығарып, шахтаның қолданыстағы деңгейжиектерімен тоғыз түйісу құрылысын салу қажет. Жобаның негізгі мақсаты – кен орнының Шығыс учаскесіндегі кен қорларын ашу, жерасты қазбаларын таза ауамен және желдетудің жобалық режимін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыскерлердің қауіпсіз түсіп-шығуына жағдай жасау болып табылады. Оқпанды үңгілеу жұмысын 2031 жылы аяқтау жоспарланған. Одан кейін нысанды заманауи технологиялық жабдықпен жарақтандыру кезеңі басталады. Оның аясында клетті көтергіш монтаждалып, бас желдеткіш қондырғысы мен жерасты қазбаларына берілетін ауаны жылытуға арналған модульдік жылу энергетикалық қазандықпен жабдықталады. Шығыс учаскесін дамыту жұмысы екінші шахта оқпаны – «Желдеткіш-2» нысанының құрылысымен жалғасады. Құрылыс аяқталған соң жаңа оқпан шахтада пайдаланылған ауа ағынын сыртқа шығаруды, кеніштен резервтік шығу жолын және кен қорын қосымша игеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Екі оқпан бірлесіп кен орнының Шығыс учаскесін тиімді әрі қауіпсіз игеруге қажетті заманауи инфрақұрылым қалыптастырады. Мыс, алтын және күміс қорлары расталған «Нұрқазған» кен орнының қоры тау-кен байыту кешенінің 40 жылдан астам тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жобаны іске асыру өндірістік қуаттарды дамытуға, өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және компанияның шикізаттық базасын нығайтуға бағытталған «Қазақмыс» компаниясының ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламасының маңызды кезеңіне айналады.

Бөлісу28Твитерге17

Көп қаралған

  • Бағаналының Сағындық батыры

    Бағаналының Сағындық батыры

    935 бөлісті
    Бөлісу 374 Твитерге 234
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1679 бөлісті
    Бөлісу 672 Твитерге 420
  • Бас тартудың мәнісі

    252 бөлісті
    Бөлісу 101 Твитерге 63
  • Тарихқа табан тіреген тұлға

    330 бөлісті
    Бөлісу 132 Твитерге 83
  • Білім алу құқығы — конституциялық мүмкіндік

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру