«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өзіне қатысы бар өңірлердегі тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатыр. Зерттеудің мақсаты – халықтың қажеттілігін зерделеу және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың сұранысқа ие бағыттарын анықтау.
Сауалнама 2026 жылғы 23 қараша мен 15 желтоқсан аралығында өтеді. Оның нәтижесі тұрғындар үшін қандай мәселелердің өзекті екенін және олардың қалалары мен елді мекендеріне қандай әлеуметтік жобалардың көбірек пайда әкелетінін анықтауға мүмкіндік береді.
Сауалнама денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, абаттандыру, қоғамдық қауіпсіздік, спорт және бос уақытты ұйымдастыру мәселелерін қамтиды. Қатысушылар елді мекендердегі өмір сапасын бағалап, оны дамытудың маңызды бағыттарын белгілей алады.
Жиналған деректер «Қазақмыс» компаниясының әлеуметтік инвестиция қалыптастыру барысында және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен бастамаларды талқылау кезінде ескеріледі.
Компания әлеуметтік жобалардың халықтың нақты қажеттілігіне сай болуына және өзіне қатысы бар өңірлердегі тұрғындардың өмір сапасын арттыруға үлес қосуға мүдделі.
Сауалнамаға қатысу ерікті және анонимді түрде жүргізіледі. Сауалнама қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Оны толтыруға шамамен 9 минут уақыт кетеді.
Қазақмыс тұрғындарды зерттеуге қатысуға, өз пікірлерімен бөлісуге және қалалары мен ауылдары үшін маңызды мәселелерді белгілеуге шақырады.
Сіздің пікіріңіз туған өңіріңіздің даму басымдығын айқындауға көмектеседі!
Сауалнамаға қатысу: https://bit.ly/kazakhmys-opros
Сондай-ақ сауалнамаға компанияның ақпараттық материалдарында орналастырылған QR-кодты сканерлеу арқылы да қатысуға болады.

