Дүйсенбі, 8 Маусым , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс»

«Қазақмыс» кеніштерінде маркшейдерлік жабдық жаңартылды

21.11.2025
- «Қазақмыс», Жаңалықтар
0
«Қазақмыс» кеніштерінде маркшейдерлік жабдық жаңартылды
71
БӨЛІСТІ
198
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Шығыс Жезқазған, «Батыс» кеніштерінде және маркшейдерлік бөлім басқармасында жаңа геодезиялық жабдық қолданысқа енгізілді. Нысандарға Leica TS07 R1000 5″ маркалы заманауи электронды тахеометрлер жеткізілді.

Бұл құрылғылар қолданыстағы тау-кен өндірісі кәсіпорындарында жұмыс істеуге өте қолайлы: олар жоғары дәлдік және сенімділікті қамтамасыз етеді. Шаң мен ылғалдан толық қорғалған (IP66 классы) жаңа құрылғылар 1000 метрге дейінгі қашықтықта шағылыспай өлшеу жүргізе алады және бұрыштық дәлдігі 5 секундқа дейін жетеді. Жабдықтың Leica Captivate фирмалық бағдарламалық қамсыздандырумен интеграциялануы жобалық координаталарды шығару мен кері қиылыстырудан бастап, аумақ пен көлемді есептеуге және деректердің сұлбасын көрсетуге дейінгі барлық негізгі геодезиялық тапсырмаларды тікелей жұмыс орнында орындауға жағдай жасайды.

– Бұл біз үшін жай ғана жабдықты жаңарту емес, – дейді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Шығыс Жезқазған кенішінің бас маркшейдері Әсел Қосымова:

– Бұл құрылғылар жоғары дәлдіктегі деректерді алуға және нәтижені жылдам өңдеуге мүмкіндік береді. Демек барлық телімдер жоспарлау мен бақылау барысында атқарылған іске сенімді болады, – деді ол.

Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі ескі тахеометрлер қолданылған еді. Жаңа құрылғы өлшеу уақытын азайтып, түсіру дәлдігін арттырады және адамның қателесу мүмкіндігін төмендетеді.

Бұл өзгерістер барлау, құрылыс және өндіру үдерісін жоспарлауға негіз болатын геодезиялық деректердің сенімділігін арттырады. Нәтижесінде геологиялық барлаудан бастап, кеніштерді пайдалану кезеңіне дейінгі барлық өндірістік тізбектің тиімділігі артады.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС PR депратаменті.

 

Бөлісу28Твитерге18

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1638 бөлісті
    Бөлісу 655 Твитерге 410
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1538 бөлісті
    Бөлісу 615 Твитерге 385
  • Бағаналының Сағындық батыры

    895 бөлісті
    Бөлісу 358 Твитерге 224
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    864 бөлісті
    Бөлісу 346 Твитерге 216
  • Кеңгірбай бидің батасы

    629 бөлісті
    Бөлісу 252 Твитерге 157
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру