«Қазақмыс» компаниялар тобыныңқ ұрамына кіретін «KazakhmysBarlau» ЖШС және «QazaqGeophysics» ЖШС компанияларының ұжымы Қарағанды облысындағы Көктас-Шарықты далалық телімінде Геолог күнін атап өтті.
Сондай-ақ, салтанатты іс-шара «KazakhmysBarlau» ЖШС-нің Астана және Жезқазған қалаларындағы кеңселерінде де ұйымдастырылды.
Дәстүр бойынша үздік қызметкерлерді Алғысхаттармен, Құрмет грамоталарымен және үздік белгілерімен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтті. Мереке күні компанияның 21 қызметкерінің еңбегі ерекше атап өтілді.
«Геолог – бұл мамандық емес, геолог – бұл кәсіп! Сіздердің әрқайсыларыңыз өз ісінің кәсіби маманысыздар және бұл біз мақтан тұтатын компанияларымыздың ең мықты тұсы!», – деді «KazakhmysBarlau» ЖШС Бас директоры Ғалым Нұржанов.
Зерттеу, аэрогеофизика-жер үсті Геофизика сы саласындағы ірі компаниялар болып табылатын «KazakhmysBarlau» ЖШС және «QazaqGeophysics» ЖШС-да 730-дан астам маман жұмыс істейді, оныңішінде: 130 геолог, 40 геофизик және 200-ден астам бұрғылаушы маманы бар.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.