Қарағандыда өткен «QARAGANDY BUSINESS 2023» бизнес форумында ел ішіндегі құндылықты дамыту және өндірістегі қазақстандық қамтуды арттыру мәселелері талқыланды.
Мұнда жиырмаға жуық отандық тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынды. Көрмемен танысқан Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев жергілікті өнеркәсіптің даму болашағы зор екенін атап өтті.
Форумда «Қазақмыстың» бизнесті дамытудағы басымдықтарын «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жабдықтау жөніндегі директоры – Сауда үйінің директоры Марина Красюк таныстырды. Оның айтуынша, «Қазақмыс» әрқашан ынтымақтастыққа, ең алдымен, қазақстандық өндірушілерді, әсіресе компания қатысатын өңірлерде тартуға ұмтылатынын айтты.
Одан кейін сөзден іске көшкен Қарағанды облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жалпы сомасы 9 миллиард теңгеге елішілік құнды дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Сессия соңында Марина Красюк «Түсті металдар өңдеу зауыты», «Искра сервис плюс» ЖШС, «Қарағанды құю және машина жасау зауыты» ЖШС сияқты бірнеше отандық тауар өндірушілерге жемісті ынтымақтастық үшін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Алғыс хаттарын табыс етті.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.